АймақЖаңалықтар жаңғырығы
Оралдықтар Назарбаев даңғылы атын өзгертуді талап етуде
ОРАЛ. 28 қаңтар. Орал қаласының тұрғындары Назарбаев атындағы даңғылдың атауын өзгертуді талап етіп жатыр. Бұл туралы «Орда.kz» хабарлады.
Осы науқанды ұйымдастырушы ынталы топ электронды петиция орнатып, даңғылдың бұрынғы атын қайтарып беруді қолдаушылардың қолдарын жинауда. Ал даңғыл бұрын Достық болып аталған еді.
дағы ынталы топ мүшелері
«Мен бір аптадай бұрын петицияны орналастырдым. Шыдамның шідерін елде болып жатқан ауыр күндерде Назарбаевтың жоғалып кеткені үзіп жіберді. Бұл жағдайда ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы – қауіпсіздіктің кепілі ретінде көрінуі керек еді», – деді блогер Асқар Шайғұмаров.
Бір айдан кейін қол жинаудың нәтижесіне әкімдік пен жергілікті депутаттарға ұсынылады», – дейді Шайғұмаров.