Британия Украинаға таңдаулы әскери бөлімшесін жөнелтті
ЛОНДОН. 21 қаңтар. Британия бүгін Украинаға арнайы операциялар жасайтын армиясының 30 жауынгерін жеткізді. Бұл туралы Sky News хабарлады.
«Ұлыбритания жақында ғана құрылған Арнайы операциялар армиялық бригадасының отыз әскери қызметкерін Украинаға аттандырды», – делінген хабарламада.
«Ағылшынның элиталы әскери қызметкерлерінің 30-ға жуығы Украинаға келді. Олар украин қарулы күштерін Ұлыбритания берген танкіге қарсы күресетін жаңа қаруларды пайдалануды үйрететін болады», – деп баяндады жергілікті телеарна тілшісі.
Контингент мұнда Украина мен Ресей шекарасындағы ахуалдың соңғы кездері айрықша шиеленісіп кетуіне байланысты жіберілді.
Осы тұста АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің бір солдаты украин шекарасынан ішке енетін болса, Вашингтонның Мәскеуге бұрын-соңды болмаған санкциялар қабылдайтынын, украин жерін қорғауға қатысатындарын мәлімдеді.