Қазақстанда қаңтар оқиғалары бойынша 546 қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. 16 қаңтар. Қазақстан құқық қорғау органдары қаңтардағы қақтығыстарға байланысты 546 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Қазақстан бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев дәл осы мезетте 546 қылмыстық іс қозғалғанын, оның ішінде терроризм дерегі бойынша – 44, жаппай тәртіпсіздік бойынша – 34, кісі өлтіру бойынша 15 қылмыстық іс бар екенін мәлімдеді. Жалпы уақытша ұстау оқшаулағышына 672 күдікті жеткізілсе, олардың 446-сы мұнда соттың санкциясы бойынша әкелінген. Құжаттары тексерілгеннен кейін және ұстауға негіз болмағасын, 100 шамалас адам босатылған.
Оның айтуынша, бас прокуратураға құқық қорғау органдары қызметкерлері үстінен 32 шағым түскен.
Сонымен бірге, осы күндері Қазақстанда 225 адамның қаза тапқаны жайында да ақпар тарады. Бірақ бұл әлі толық анықталған дерек болмауы мүмкін. Жақын арада бұл цифрдың өсуі де әбден ықтимал.