26 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Белград: Қазақстандық тағы төрт боксшы төрге озды

29 Қазан 2021 23:45
- Жаңалықтар, Сайыс
Белград: Қазақстандық тағы төрт боксшы төрге озды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕЛГРАД. 29 қазан. Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін шаршы алаңға шыққан қазақстандық төрт боксшы да жеңіске жетті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Рингте 1/6 финалдық ойындарының іріктеу шайқастары өтіп жатыр.

Біздің жігіттердің жеңіс тойын күндізгі сессияда шайқасқа шыққан 20 жасар дебютант Сабырхан Махмуд бастап берді. 54 килограмға дейінгі салмақтағы ол кореялық Ин Гю Кьюді емін-еркін ұтты. Бұған дейін 2017 жылы әлем чемпионатының қола жүлдесін алған, Азия чемпионатында екі рет жүлделі орындардан көрінген  қарсыласы осал емес еді. Бірақ Сабырхан одан қаймыққан жоқ, салғаннан шабуылға шықты. Нәтижесінде үш раундта да басым болды, жалпы есеп – 5:0! Енді ол келесі бекетте жаңа ғана ресейлік Құрбан Байранбековті 5:0 етіп тізе бүктірген шотландиялық Метью МакХаллмен күш сынасады.

Келесі кезекте 92 кг салмақтағы Айбек Оралбайдың жолы оңғарылды. Осы салмақта Василий Левиттің орнына келген ол бұл ұрыста сенімді көрінді. Қарсыласы – поляк Матеуш Березницкиден едәуір басым ойнады. Есеп – 4:1. Бір қызығы, раунд сайын басым екені көрініп тұрған оған тек өзбекстандық рефери Александр Хамидов қана төмендетіп баға қойып отырды.

Келесі кезеңде Айбек осы жолы белорус Владислав Смягликовты 5:0 етіп ұтқан өзбекстандық қазақ жігіті Мадияр Сайдрахимовпен қолғап түйістіреді. Мадияр 1956 жылы Оңтүстік Қазақстан облысынан Ташкент облысына беріліп кеткен, қалың қазақ тұратын Шыршық ауданының тумасы екен.

Кешкі сессияда 60 кг салмақтағы Саматәлі Төлтаев таиландтық Хунатип Пинднучты 3:2 есебімен жеңді. Бірінші раундта қазақстандық 21 жасар боксшы 4:1 етіп ұтты. Екінші раунда қарсыласы сондай басымдық көрсетті. Ал соңғы раунда біздің саңлақ жеңісті тартып алды. Ұрыстың өте қиян-кескі болып өткені рас.

71 кг салмақтағы қазақстандық Асланбек Шымбергеновтің (суретте) өзбек Шахрам Гиясовпен жекпе-жегі де қызықты өтті. Бірақ ол раунд сайын қарсыласынан басым түсіп отырды. Бірінші раунд 5:0, екінші раунд 4:1 есептерімен біздің пайдамызға шешілді. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіп шықты. Енді ол Германия атынан түсіп жатқан түбі дағыстандық Магомед Шахидовпен ширек финалға шығу үшін шайқасады.

Қазақстандықтар сапынан бұған дейін Бек Нұрмағамбет (86) пен Нұрлан Сапарбай (+92) ғана жарыс жолынан шығып қалды. Екеуі де қарсыластарынан талассыз жеңілді.

 

Таңбалар: әлем чемпионатыБелградбокс

Ұқсас мақалалар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды

24.08.2026
ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026
Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)
Жаңалықтар

Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)

19.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist