СИДНЕЙ. 28 шілде. Қазақстандық жас футбол жұлдызы Лондонның «Челси» командасының жолдастық кездесуінде есеп ашып, өзінің осы клубтағы бірінші голын салды. Бұл туралы Arena-sport.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Австралия жеріне оқу-жаттығу жиынын өткізуге келген жергілікті «Вестерн Сидней Уондерерс» ұжымымен жолдастық кездесу өткізген «Челси» ғаламат жеңіске жетті. Матч 6:4 есебімен аяқталып, Англия жасағаның пайдасына шешілді.
Кездесудегі басты қаһармандардың бірі Дастан Сәтбаев болды. 17 жасар форвард сөрелік құрамда алаңнан көрінді. Ол ойынның 7-минутында есеп ашып, өз командасын алға шығарды.
Дастанның белсенділігі мұнымен таусыла қоймайды. Екінші голдың соғылуына да ол белсене араласты. Соңында жартылай қорғаушы Дариу Эсссугу есепті еселеді.
Бірінші таймды командалар 2:2 деген есеппен бітірді. Алайда екінші таймда ағылшындар таразы басын өздеріне қарай аудара алды.
Сәтбаев 63-минутта алаңнан кетті.
Команда 1 тамыз күні Лондонның тағы бір ұжымы – «Тоттенхеммен» жолдастық кездесу өткізеді.
USD




