Путиннің бұрынғы көмекшісі Украинаны күшпен қайтаруды ұсынды
МӘСКЕУ. 12 маусым. Ресей президенті Владимир Путиннің бұрынғы көмекшісі Владислав Сурков Украинаны күшпен қайтарып алуды ұсынды. Бұл туралы «Лента.ру» хабарлады.
Бірақ бұрынғы көмекші өзінің қандай күш жайлы сөз етіп отырғанын ашып айтпады. «Әрине, күшпен. Күшпен! Күш деген әртүрлі болады, тек әскери күш қана емес. Арнайы қызмет күші де бар, ол басқаша. Жұмсақ күш деген бар, сондай терминге таңылған, оның да өз орны бар. Экономикалық ықпал күші бар, саяси ықпал бар», – деді ол.
Сурковтың айтуына қарағанда, Ресей халықаралық жағдайда қалайда жеңіске жетеді. Оның ойынша, «әлем Украинадан әлі-ақ шындап шаршайды».
Владислав Сурков 2013 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы ақпанға дейін Путиннің көмекшісі болды. Ол Абхазиямен және Оңтүстік Осетиямен әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас жасау, сондай-ақ Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу мәселелерімен шұғылданды. Ал қызметтен босап қалғаннан кейін бұған Мәскеу мен Киев арасындағы қарым-қатынас «контексінің өзгеріп кетуі» әсер етті деп мәлімдеді.