26 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сырдария мәселесі: мониторинг жүргізу тобы құрылды

24 Мамыр 2021 13:10
- Аймақ, Жаңалықтар
Сырдария мәселесі: мониторинг жүргізу тобы құрылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 24 мамыр. Бұрнағы күні Қызылордада Сырдария өзеніндегі судың деңгейін бақылап тұратын мониторинг тобы құрылды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Осыған арналған басқосу 22 мамырда «Достық үйі» ғимаратының мәжіліс залында өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жахановтың төрағалығымен өткен жиында Сырдария өзенінің су шаруашылығы жағдайы талқыланды..

Жиынға Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов, облыстық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, су шаруашылығының ардагерлері және салаға қатысты мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Соңғы жылдары Сырдарияның төменгі ағысында вегетациялық кезең күрделі су тапшылығы жағдайында өтуде. Биыл бұл жағдай қайталанып, жағдай бұрынғыдан да күрделі болып тұр.

Қазір Сырдария өзенінің ағысын реттейтін Нарын-Сырдария су қоймаларындағы су нөпірі өткен жылғы мөлшерден 2 млрд текше метрге кем. Сонымен бірге, Шардара су қоймасына түсіп жатқан судың көлемі де өткен жылдан төмен.

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен облысқа 5,4 млрд.текше метр, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суаруға 4,2 млрд.текше метр су бөлінді. Дегенмен, судың тапшы болу болжамына байланысты Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы биылғы су көлемін 508,9 млн текше метрге қысқартып, оны 4,9 млрд текше метр етіп қайта белгіледі. Осы ретте ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суаруға 3,7 млрд текше метр су берілмекші.

2021 жылға облыс бойынша 188,2 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланса, оның ішінде күріш егісінің көлемі өткен жылдан 5,1 мың гектарға қысқартылып, 84,4 мың гектарға егу межеленді.

Су тапшылығының алдын алу үшін Су ресурстары комитеті мен Қызылорда облысы әкімдігінің вегетациялық кезеңде су тапшылығының алдын алу бойынша атқарылатын бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазір каналдар арқылы су алу режимдерінің кестеге сай орындалуына мониторинг жүргізетін жұмыс тобы құрылып, жұмысын бастап кетті.

Үстіміздегі жылдың 11 мамыры күні Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 80-ші отырысы өтіп, вегетация кезеңінде Шардараға 4,1 млрд текше метр су түсуіне келісім жасалды.

Биылғы жылдың сәуір-мамыр айларында Қырғыз Республикасына су орнына электр энергиясын беру жүзеге асырылды. Енді маусым-тамыз айлары кезеңінде Тоқтоғұл су қоймасынан 330 млн текше метр көлемінде қосымша су алынады.

Таңбалар: мониторингсуСырдария

Ұқсас мақалалар

Түркияда демалып жүрген Кадыров суға батып кете жаздады
Жаңалықтар

Түркияда демалып жүрген Кадыров суға батып кете жаздады

25.07.2025
Қызылорда облысында сең қозғалды, су тасқыны қаупі күшейді
Аймақ

Қызылорда облысында сең қозғалды, су тасқыны қаупі күшейді

21.02.2025
Қызылорда облысында егінді сумен қамтамасыз ету жөнінде жиын өтті
Дәулет

Қызылорда облысында егінді сумен қамтамасыз ету жөнінде жиын өтті

14.07.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist