25 Тамыз, 13:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Арестович: Херсон жерінде қоршауда қалған жауға «жасыл дәліз» берілмейді

23 Шілде 2022 09:27
- Жаңалықтар, Жаһан
Арестович: Херсон жерінде қоршауда қалған жауға «жасыл дәліз» берілмейді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 23 шілде. Украинаның Херсон облысында қоршауға алынған Ресей әскерлерінің шығып кетулері үшін «жасыл дәліз» берілмейді. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Олексий Арестович өзінің Марк Фейгиннің тікелей эфиріне берген сұхбатында Херсон облысындағы Высокополье ауданында Ресей әскерлері бірнеше тобының қоршауға алынғанын растады. Оның айтуынша, оккупанттарға ешқандай да «жасыл дәліз» берілмейді.

«Біз Ольгиноның бір бөлігі мен Потемкиноның түгел қайтарып алдық. Бұл екі елді мекен Высокопольенің оң және сол жақтарына орналасқан. Онда іс жүзінде Ресей әскерлері үшін Иловайскідегі ахуал қайталанып отыр, жаудың шамамен мыңнан аса жауынгері техникаларымен бірге қоршауда тұр. Олар тактикалық жағынан қоршауға алынды. Кеше оккупанттар шепті бұзып-жарып, сыртқа шығуға әрекет етіп еді, біздің жаудырған оқтан кейін артқа шегініп, қайтадан 3/4 бөлігі қоршауға кірді, енді бұдан шыға алатын бір ғана жолдары бар», – деді Арестович.

Кеңесшінің баяндауынша, Ресей әскерлерінің Харьков облысында қыспақта қалуына өздерінің командованиесі кінәлі. Ол мұның бәріне HIMARS пен басқа да қазіргі заманғы озық қарулардың пайдасы көп тигенін де айтып отыр.

Арестович бұған әлі анықталмаған мәліметтер бойынша, ресейліктердің өздері қоршаудан шығып кету үшін тактикалық тұрғыда «жасыл дәліз» беруді сұрағаны айтылып жатқанын қосты.

«Жағдай тура Иловайскідегі сияқты болып қайталанды. Ресей командованиесі Иловайскіде алдын ала келісімді өрескел бұзып, тұтқиылдан басып кіріп, біздің әскерлерімізді атқылап еді. Сонда бізде олардың бәрін сол қазаншұңқырға атқылап, көміп тастауға біраз әуестік болған. Бірақ біз, біріншіден, ресейліктер сияқты арам емеспіз, берген сөзімізде тұрамыз. Екіншіден, жауға қарағанда, адамгершілік сипаты әлдеқайда жоғары Украина қарулы күштері әлі де болса, оккупанттардың өз еріктерімен берілулерін күтуді жалғастыра тұрады. Бұл жерде тұйықтан шығудың ең дұрыс жолы – басқыншылардың өздерімен бірге қаруларын бізге тапсырулары, сол кезде ғана тірі қалады. Соғыс әлпештеуді көтермейді, Біз ешқандай да дәліз бермейміз. Егер жау берілмеске бел буса, тағдырлары сол тұрған жерлерінде біржола шешіледі», – деп сендірді Арестович.

Оның айтуынша, тұтқынға түскен орыс жауынгерлері «алмастыру қорын» толықтыратын болады.

Ал бүгін таңертең әскери сарапшы Олександр Коваленко Херсон облысының Высокополье селосы жанында қоршауға түскен ресейлік оккупанттардың украин қорғаушыларынан өздеріне «жасыл дәліз» ұйымдастырып беруді талап етіп жатқандарын баяндады.

The Insider-дің мәліметінше, Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылдары нәтижесінде ресейлік әскерилердің екі мыңға жуық жауынгері қоршауда қалып қойған. Қазір Ресейдің үш тактикалық топтағы батальоны, соның ішінде спецназ пен танк роталары қоршауда.

«Пивдень» жедел тобындағылар енді Украинаның оңтүстігінде аса қуатты операциялардың басталғалы тұрғанын, олардың нәтижелері әлі жұртты қатты таң қалдыратынын әңгімеледі.

 

Таңбалар: қоршауРесей оккупанттарыХерсон облысы

Ұқсас мақалалар

Курск облысында Ресейдің 3000 жауынгері «қазандыққа» түсіп қалды
Жаңалықтар

Курск облысында Ресейдің 3000 жауынгері «қазандыққа» түсіп қалды

29.08.2024
Украин әскерлері Харькив түбінде жүздеген орыс солдатын қоршады
Жаңалықтар

Украин әскерлері Харькив түбінде жүздеген орыс солдатын қоршады

18.06.2024
Украина армиясы Бахмутты қоршауға алуға жақын, жау тұзаққа ілікті
Жаңалықтар

Украина армиясы Бахмутты қоршауға алуға жақын, жау тұзаққа ілікті

11.07.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist