25 Тамыз, 13:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украин әскерлері Харькив түбінде жүздеген орыс солдатын қоршады

18 Маусым 2024 15:59
- Жаңалықтар, Тіршілік
Украин әскерлері Харькив түбінде жүздеген орыс солдатын қоршады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 18 маусым. Украина Қарулы күштері РФ армиясының бірнеше жүз жауынгерін қатты құрсауға алып, жан-жақтан соққылап жатыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Ресей армиясының 400-ге жуық әскери қызметкері Харькив облысындағы Волочанск қаласында қоршауда қалды», – деп жазды Forbes украин әскерилерінің мәліметтеріне сүйене отырып.

Мәтбұғаттың баяндауынша, бұл оқиға Ресей армиясының екі батальоны Волчанскінің орталығындағы Волчья өзенінің оң жағалауында орналасқан агрегатты химия зауытын басып алу үшін қауырт шабуылға шыққаннан кейін орын алған. Нысанды басып алғаннан кейін ресейлік басқыншылар Волчанскінің оң жағына жарып өту үшін өзеннен өту операциясын бастап кете алар еді.

Алайда тап сол уақытта Украина Қарулы күштері кәсіпорынның батыс жағынан шабуылға шығып, солтүстікке қарай бірнеше махалла жылжып үлгереді. Осылайша украиндар зауыт ауласына кірген оккупанттарды тылдағы жауынгерлері арасын бөліп тастайды. Ресей күштері осыдан кейін бірнеше рет қоршауды бұзып шығуға әрекет етеді, бірақ алға қойған мақсаттарына жете алмайды.

Орыс әскерлерін зауыт ауласына қамап қойған Украина Қарулы күштері сосын МиГ-29 және Су-27 жердемімен кәсіпорынға жоғары дәлдікті америкалық бомбыларды тастай бастайды. Ұдайы жасалған авиасоққылар салдарынан кемінде 30 ресейлік солдат жексенбі күні өз еріктерімен украин қорғаушыларына берілген екен. Қалғандары қазір химия зауытының ішінде отыр.

Ресей армиясы биылғы 10 мамырда Харьков облысына шабуылды бастады. Ондағы мақсаттарының бірі соғысқа дейін 18 мың адам тұрған Волчанск қаласын басып алу болған екен. Алайда әскер санынан 30 мыңнан 50 мыңға дейін жеткізгендерімен РФ армиясы қаланы толық басып ала алған жоқ.

Таңбалар: қоршауРесей армиясыУкраинаХарькив

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist