19 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жетісайлық жас оқырмандар жазушы Бейсенбай Сүлейменовпен жүздесті

21 Мамыр 2022 22:00
- Аймақ, Жаңалықтар
Жетісайлық жас оқырмандар жазушы Бейсенбай Сүлейменовпен жүздесті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЖЕТІСАЙ. 21 мамыр. Бүгін Түркістан облысының Жетісай қаласында белгілі балалар жазушысы Бейсенбай Сүлейменов өзінің жас оқырмандарымен кездесті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Биылғы «Балалар жылы» аясында кереге керген шара Қ. Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ғимаратында өтті. Оны аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі ұйымдастырды.

Концерттік бағдарлама форматында өткен кездесуге аудан мектептерінде 4-8 сыныптарда оқитын 600-ге жуық оқушы және мұғалімдер қатысты.

Кездесуде бірінші болып сөз алған Түркістан облысы адами әлуетті дамыту басқармасының бөлім басшысы Жандос Махамбетов жазушыны құттықтап, өскелең ұрпақтың игілігіне қызмет атқарып жатқанына шынайы ризашылығын білдірді.

«Қазіргідей цифрлық технология дамыған алмағайып заманда жастарды кітап оқуға баулу қиындап барады. Бұл өзекті мәселені шешу қажеттілігі күн санап артпаса кеміген жоқ. Оның бірден-бір әдісі – ұл-қыздарды туындыларға, жазушылардың өмірі мен шығармашылығына қызықтыру, – деді кездесуде сөз алған жазушы Бейсенбай Сүлейменов.  – Біз үлкендер баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесу керекпіз. Қазіргі балалардың көбінің қиялдары компьютерлік ойындарға ауып кетуіне қарамастан үлкендерде балаларға кітап әлемін сыйлау мүмкіндігіміз бар. Сондықтан балаларымыз жаһанданудың жетегінде кетпес үшін қазіргі заманға лайықтап кітап шығардым. Негізгі мақсатымыз өскелең ұрпақтың игілігіне қызмет көрсету».

Қаламгер өз сөзінде бүгінгі келісті кездесуді ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Бұдан әрі ол жас оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беді.

Кездесу барысында жазушының туындылары мектеп оқушыларына тегін таратылды.

«Бүгінгі таңда еліміз бойынша 800-ден астам жазушылар болса, соның ішінде балалар жазушылары 10 пайызға жетпейді. Бүгінгі іс-шарамыздың негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа кітаптың құдіретін ұғындыру, саналы және сапалы тәрбие бере отырып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Бейсенбай ағамыздың туындылары қазіргі балалардың тілімен жазылған, жеңіл оқылады. Жастайынан кітап пен дос болған бала өсе келе, еліміздің саналы адамы болып қалыптасады. Сондықтанда бүгінгідей келелі кездесулердің балаларға берер пайдасы зор», – деді аудан адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиев.

Іс-шара барысында көркемөнерпаздар үйірмесі әннен шашу шашып, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Таңбалар: Бейсенбай Сүлейменовжетісайкездесу

Ұқсас мақалалар

Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!
Жаңалықтар

Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

16.10.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

28.09.2026
КҮН ШАТЫРЫНА БАСТАҒАН ЖОЛ
Жаңалықтар

КҮН ШАТЫРЫНА БАСТАҒАН ЖОЛ

27.09.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist