17 Қазан, 20:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

WSJ: Трамп Путиннің соғыста жеңем деген уәдесінен шықпағанына ренжіді

28 Шілде 2026 18:23
- Әлеумет, Жаңалықтар
WSJ: Трамп Путиннің соғыста жеңем деген уәдесінен шықпағанына ренжіді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 28 шілде. АҚШ президенті Дональд Трамп РФ диктаторы Владимир Путиннің соғыста жеңіп шығам деген сөзінен шыға алмағанына өкпелі көрінеді. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

The Wall Street Journal (WSJ) газетінің жазуынша, Ақ үйдің қожайыны Кремльдің көсеміне бұрынғыға қарағанда, едәуір жағымсыздау қарауға айналған. Мәтбұғаттың Трампқа жақын мәнбелері жеткізген мәлімет осыны білдіреді.

Басылымға дерек беруші шенеуніктердің айтуларынша, Трамп Украинадағы ұрыс алаңында Ресей армиясы бет қаратпай жеңіп шығады деп есептеген. Путин Украина Қарулы күштерінің көп ұзамай тас-талқан болатынын Трамптың жеке өзіне бірнеше рет мәлімдеген. Мысалы, жақында, 14 шілде күні телефонмен сөйлескендерінде ол Киевтің жағдайы «қыл үстінде» тұрғанына сендіргісі келген екен, ал наурызда «Ресей әскерлерінің барынша жемісті ілгері жылжып бара жатқанын» жайып салыпты. Путинмен 2025 жылы тамызда Аляскада кездескеннен кейін Трамп Украинаның соғыста қазірдің өзінде жеңілгенін, себебі, Володимир Зеленськийде «карта жоқ» екенін баяндаған еді.

WSJ жазғандай, Трамп Путиннің соғысты аяқтағысы келіп отырғанын хабарлаған. Ол бұған Ресей армиясының украин жерінде орасан зор шығынға ұшырап отырғаны себеп екенін алға тартады. Батыс мәліметтері бойынша, Ресей Қарулы күштері, – өлгені бар, жараланғандары бар, – барлығы 1,4 млн адамынан айырылған, екі жақты қоса алғанда, жалпы шығын 2 млн адамнан асады. Британия барлауының деректеріне қарағанда, Путин майданда 500 мың солдатын құрбандыққа ұшыратқан.

Америка шенеуніктері Украина ұшқышсыз ұшақтарының шекарадан 3 мың шақырым қашықтағы Сібір қалаларына дейін жетіп жүрген соққылары мен күн сайын артып жатқан шығындарына қарамастан, Путиннің украин жерінің белгілі бір аумақтарын басып алу жөніндегі стратегиялық мақсатынан әлі қайтпай отырғанын баяндайды.

Олардың сөзінше, Трамп соғысты бейбіт жолмен шешуге болатынына әлі оптимистік көзқараспен қарайды.

Дегенмен соңғы уақыттары украин дрондарының Ресейдің алыс түкпірлерін соққының астына алып, мұнай өңдеу зауыттарын істен шығарып тастап жатуы АҚШ президентіне қатты әсер еткен. Ол сондай-ақ украиндардың жылына бір миллионнан аса ұшқышсыз ұшақ шығарып отырғандарына да ризалық танытқан.

Еуропа лидерлерінің бірлесіп жүргізген науқаны Трамптың Зеленськийге деген көзқарасы күрт өзгертіп жіберді. Соның нәтижесінде Америка президенті украин көшбасшысына болашақ жеңімпаз ретінде қарай бастады.

Таңбалар: Володимир ЗеленськийДональд ТрампРесейсоғыс

Ұқсас мақалалар

Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес
Дәулет

Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

15.10.2026
Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 
Жаңалықтар

Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

15.10.2026
Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist