17 Қазан, 18:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина Кремльдің қорыққаннан ұсынып отырған бітімінен бас тартты

6 Мамыр 2026 22:06
- Жаңалықтар, Тіршілік
Украина Кремльдің қорыққаннан ұсынып отырған бітімінен бас тартты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 6 мамыр. Украина өзі 6-7 мамыр күндері үшін жариялаған атысты тоқтату жөніндегі ұсынысына бірнеше рет сұрапыл соққылармен жауап бергеннен кейін Ресейдің ендігі бітімгершілік бастамасына келіспеді. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украина әлеуметтік желі арқылы Ресей ұсынып жатқан 8-9 мамыр күндері атысты тоқтатуға байланысты бітімгершілік жасау жөніндегі бастамасынан өздері үшін ешқандай тиімділік көріп отырған жоқ. Бұған Киевтің 6 мамырдан бастап атысты тоқтату жайындағы ұсынысын Ресейдің бірнеше рет қасақана бұзғаны басты себеп болып тұр. Мұның жайын The Kyiv Independent өз мәнбесіне сүйене отырып жазды.

«Біз бұдан өзіміз үшін тетік бола алатын ешбір мәнді мағына көріп тұрған жоқпыз», – деп атап өтті украинның аты аталмаған жоғары лауазымды шенеунігі. Расында да мұнда «Кремль тып-тыныш, ың-шыңсыз Қызыл алаңда Жеңіс парадын өткізіп алсын» дегеннен өзге ешқандай ымыра жоқ. Сөйте тұра рашистер армиясы өздері атап көрсетіп отырған күн жақындаған сайын украин қалаларын соққының астына күшейтіп келеді. Сонда бұл бітім шарасы бір жақты ғана тиімді болғалы тұр ғой, ол тек бір тараптың ғана мүддесін көздейді.

Осы ретте Украина Жоғарғы радасы сыртқы істер комитетінің басшысы Александр Мережко Киевтің Кремль режимі ұсынған уақытша атысты тоқтатуға емес, толыққанды және сөзсіз атысты тоқтатуға мүдделі екенін атап өтті.

Мәскеу режимі көздеп отырған уақытша бітімнің бар мақсаты өз әскери шеруінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ғана келіп саяды, ал ол біткен күні рашистер армиясы Украинаның азаматтық тұрғындарын сұрапыл оттың аясына алуды қайта жалғастырады. Киев өзін бұлайша мазақ етіп пайдалануды қабыл алмайды.

«Путин тарапынан айтылған бұл ұсыныс – әлсіздік пен үрейдің белгісі. Путинді қинап тұрған сұмдық: егер әскери шеру бұзылса немесе бүлінсе, ол Ресей тұрғындарына Путиннің қауқарсыздығын, оның соғыста жеңілетінін немесе ресейліктер қауіпсіздігіне кепіл болуға қабілетсіз екенін білдіріп қояр еді», – деді Мережко соңынан.

Бұрын хабарланғандай, украин лидері Володимир Зеленський Украина жариялаған бітімгершілік шарттарын Ресей әдейі бұзды деп мәлімдеді. Соңғы күннің түні мен таңында басқыншылар тарапынан 30-ға жуық шабуыл, 20-дан астам әуе шабуылы жасалып, 70-тен астам әуе бомбасы қолданылды.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптада Зеленський 6 мамырдан бастап бітім жариялаған-ды, егер украин әскері оны басып алушылар бұзса, жауап қайтаратын болған.

Путин өз кезегінде бұған дейін 8-9 мамырда бітімгершілік туралы жариялады және егер Украина Ресейдің жүргізетін әскери шеруіне қауіп төндірсе, Киевтің орталығын соққының астына алатын болып қорқытты. Тап осы шақта Ресей Сыртқы істер министрлігінің арнайы өкілі Мария Захарова осы күндері Киевтен шетелдік елшілердің отбасыларымен бірге бас сауғалап, басқа жақтарға кете тұрғаны жөн болатынын бірнеше рет қайталап айтты.

Таңбалар: бітімРесей шеруіУкраина

Ұқсас мақалалар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist