17 Қазан, 09:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада «Таза қала – ортақ жауапкершілік» экологиялық акциясы өтті

25 Маусым 2026 17:15
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қызылордада «Таза қала – ортақ жауапкершілік» экологиялық акциясы өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 25 маусым. Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қызылорда қаласындағы «Сыр сүлейлері» аллеясында «Таза қала – ортақ жауапкершілік» атты тазалық шарасы ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.

Шараға «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары және белсенді жастар қатысып, аллея аумағын қоқыстан тазарту, жасыл желектердің маңын ретке келтіру, сондай-ақ аллея бойында орналасқан ескерткіштер мен мүсіндерді сүртіп, күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді.

Шараның арнайы қонағы әрі спикері – үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязов болды. Ол кездесу барысында жастармен еркін пікір алмасып, «Сыр сүлейлері» аллеясының ашылу тарихы мен оның рухани-мәдени маңызы жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ Сыр өңірінен шыққан жыраулар мен шайырлардың қазақ әдебиеті мен өнеріндегі орны туралы айтып, жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және тарихи-мәдени мұраларды көздің қарашығындай сақтауға шақырды.

Акция аясында қатысушылар экологиялық мәдениеттің маңызы туралы пікір алмасып, қоғамда тазалық пен тәртіпті сақтаудың ортақ міндет екендігін көрсетті. Жастар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларға белсенді қатысып, туған қаланың көркеюіне өз үлестерін қосты.

Мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, қоғамда табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Таңбалар: акцияҚызылордатаза қала

Ұқсас мақалалар

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді
Әлеумет

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

10.10.2026
Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist