25 Тамыз, 22:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ҰҚКҰ – Ресейдің қысымымен ғана тұрған осал одақ

Павел Фельгенгауэр: Қазақтар мен қырғыздар ешқашан Ереван үшін Бакуге қарсы шықпайды

26 Қараша 2022 16:49
- Жаңалықтар, Көзқарас
ҰҚКҰ – Ресейдің қысымымен ғана тұрған осал одақ
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Армян премьері Никол Пашинянның Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымының (ОДКБ – ҰҚКҰ) жиынында аталмыш одақ турасында айтқан тұжырымы соңғы күндері халықаралық деңгейде кең ауқымда талқыланатын тақырыптардың біріне айналды. Осы тұста Ресей БАҚ-тары «ҰҚКҰ-ның Украинада «арнайы әскери операция» жүргізіп жатқан Ресейге көмекке келуі мәселесі әлі күн тәртібінен алынып тасталмағанын» кенеттен жарыса жаза бастады.

Расында енді ҰҚКҰ Ресейдің Украинадағы соғысына араласа ма? Осыған орай ресейлік белгілі әскери сарапшы Павел Фельгенгауэр әзербайжанның Oxu.Az порталының тілшісінің сұрақтарына жауап берді.

– Әрине, Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына қатысушы елдерде жалпы ондай мүмкіндіктің бар екені рас. Алайда, нақты кімде мұндай мүмкіндік бар екенін көре алмай тұрмын. Дегенмен, қазір де-факто Беларусь Ресейге өзінің территориясын пайдалануға бере отырып, қатысып та жатыр. Бірақ, айталық, Арменияның ахуалы қазір Украинадағы соғыс қимылдарына қатыса қалатындай емес. Тіпті ҰҚКҰ-ға кіретін Орталық Азия елдерінің де бұған қосылуының ешқандай мағынасы жоқ. Енді тұтас ұйым ретінде олардың бәрінің бұл соғысқа қатысуы – жалпы мүмкін емес нәрсе. ҰҚКҰ іс жүзінде ешқашан жұмыс істеген де жоқ. Бұл – Ресейдің бұрынғы бірнеше одақтас республикамен одағы ғана.

ҰҚКҰ-ның кез келген іс-шараларына, соның ішінде оқу-жаттығу жиындарына РФ міндетті түрде қатысады. Ал қалғандары кейде қатысып, кейде қатыспай қалып жатады. Бұл ұйым Американың ықпалы көп болғанына (Ресейдің ҰҚКҰ-дағы жетекшілігі сияқты) қарамастан, өз бетінше тіршілік етіп келе жатқан НАТО-ға оншалықты ұқсай бермейді. Әйтпесе айтыңызшы, Тәжікстан мен Беларусьтің қандай ортақ мүддесі болуы мүмкін? Қырғызстан мен Қазақстан Армения жағында Әзербайжанмен соғысуға бара ма? Әлбетте, бармайды. Оларды бұған ешқандай күш зорлап апара алмайды. Немесе қырғыздар мен тәжіктердің қақтығысында Арменияның қандай қатысы бар? Бұл да дәл сондай. Өздерінен қашық Орталық Азиядағы екі халықтың бір-бірімен қырқысына Ереван бас ауыртып жатпайды. Иә, керек десеңіз, ҰҚКҰ елдерінің тіпті бірге қарсы көтерілетін ортақ жаулары да жоқ. Бұлар бар болғаны Ресейдің әр қырынан келетін жай одақтастары ғана. Демек, оларды бір-бірлерімен біріктіріп тұрған ешқандай мотивизация жоқ. Олай болса, ҰҚКҰ – ешкімге ұқсамайтын өзіндік бір одақ.

Енді Украинаға қайта оралайық. Иә, Беларусь РФ үшін өзінің территориясын беріп отыр, бірақ қарулы күштерін беріп отырған жоқ. Иә, Ресей оларды пайдаланбайды да, себебі, оның армиясы өте кішгкентай.

– Ашық мәнбелерге қарасақ, Беларусь Қарулы күштерінде 45 мың адам бар…

– Жоқ, бұлай емес, егер біз жауынгерлік сипатқа ие жаяу әскерлерін туралы айтар болсақ, олардың саны шамамен 12 мың адамның төңірегінде. Оларды толық құрамды екі ауыр бригада мен 2 мың адамдық арнайы жасақ және десантты-штурмды бөлімшелер құрайды. Бұдан бөлек, кадрлар бригадасы ғана бар, демек, мобилизация жасамай, олар жалпы ештеңе де істей алмайды.

Минскідегілер қазір Беларусьте мобилизацияны бастап, азаматтарға қару-жарақ таратып беруге ықыласты емес. Мұның биліктің өзіне қаншалықты қауіпті болып шығатынын әзір ешкім білмейді. Бірақ Беларусь Ресейге қарағанда мобилизация жасау көбірек дайын тұр. Беларусь мұндай жағдай туа қалғандай болса, 300 мыңға жуық адам жинай алады. Алайда, Лукашенко, байқап қарасақ, бұлай жасауға құлықты болып отырған жоқ.

Тағы мынаған назар аударыңыздар: Беларусьтің әскери бюджеті эстонның бюджетінен үш еседей аз. Александр Лукашенко ешқашан өзінің қарулы күштеріне жеткілікті назар аударып көрген емес және ешкіммен соғысуды көздеп отырған жоқ. Бірақ ол барлық қаржыны Ішкі істер министрлігіне, мемлекеттік қауіпсіздікке төгіп келеді. Белаусьте ішкі істердің алты бригадасы бар. Лукашенконың тақтағы орнын сақтап тұрған да солар.

– Онда ҰҚКҰ-ның болашағына қатысты сұрақ туындайды. Қазақстан Президенті жақында кезектен тыс сайлау өткізілгеннен кейін елдің көп векторлы саясаты туралы сөз етіп қалды, ал ҰҚКҰ секілді әскери-саяси одақта жүріп, мұндай саясатты жүргізу өте қиынға түседі. Армения жалпы ҰҚКҰ-ны «сатқындар жиынтығы» деп атайды. Олай болса, Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымының тарап кетуі ықтимал ма?

– Шынтуайтында, ҰҚКҰ-ның тарауы әбден ықтимал нәрсе. Украинамен қақтығыс Ресейді әлсіретіп жіберді, енді уақыт ұзаған сайын бұл тенденция күшейе береді. Ал РФ – ҰҚКҰ-ның – басты діңгегі. Сондықтан бәрі онсыз да түсінікті: Ресей әлсірей берсе, формалды түрде-ақ тарап кетіп, жұмыс істеуін өзінен өзі тоқтата салатын Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы да болмайды. Қазір оның тағдыры қыл үстінде тұр.

Наир ӘЛИЕВ

 

Oxu.Az

26 қараша, 2022 ж.

Таңбалар: одақтарауҰҚКҰ

Ұқсас мақалалар

Әзербайжанның Қарабақ өңіріндегі сепаратистік құрылым өзін өзі таратты
Жаңалықтар

Әзербайжанның Қарабақ өңіріндегі сепаратистік құрылым өзін өзі таратты

28.09.2023
Кремль Орталық Азияға өз ықпалын жоғалтты: оған Тәжікстан да мінез көрсетті
Дәулет

Кремль Орталық Азияға өз ықпалын жоғалтты: оған Тәжікстан да мінез көрсетті

08.06.2023
Лукашенко: Ресей мен Украина соғысынан бейтарап қала алмайсыңдар
Жаңалықтар

Лукашенко: Ресей мен Украина соғысынан бейтарап қала алмайсыңдар

14.02.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist