9 Шілде, 05:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұлттық құндылықтар ұлтанға түсті

Мына қалпымызбен қайда барамыз?

15 Тамыз 2019 02:14
- Қоғам
Ұлттық құндылықтар ұлтанға түсті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

«Боламын, толамын, кешегімнің орнын толтырып, бүгінімді әспеттеймін, ертеңімнен үміт күтемін» деген ел кезеңінде халқының мақтанышы болған, жұртының рухы болған, бүтін бір дəуірдің жас ұрпағына үлгі-өнеге болған толымды тұлғаларын көзі тірісінде де, қайтыс болып кеткенінен кейін де ұмытпайды…
Биылғы жылдың 17 мамыры күні атақты спортшы, бокстан Кеңес Одағының екі дүркін чемпионы Әбдірәшит Әбдірахманов 73 жасында өмірден өтті. Ол кеңес заманында Қазақстаннан мұндай атаққа Владимир Каримовтан кейін қол жеткізе алған екінші былғары қолғап шебері болды. Әбдірәшит аға сонымен бірге 30-ға жуық көркем фильмде басты рөлдерде ойнаған танымал актер еді. Осы еңбегі үшін Қырғызстанның халық әртісі де атанды. Міне, спорттан кейін өнерге де өлшеусіз еңбек сіңірген сондай тұлға қайтыс болып жатқанда біздің мәдениет және спорт министрлігіміз оның отбасына бір ауыз көңіл айтуға да жарамады. Бұдан кейін мұндай министрлік пен министрдің бәсі бес тиын, бақыр құрлы құны жоқ. Орысша айтқанда, «грош им цена». Ол кезде бұл министрліктің басында аты Арыстанбек болғанымен «аң патшасына» ұқсай қоятын ешбір қасиеті жоқ, келгеннен жұрттың күлкісіне айналған Мұхамедиұлының отырғанын білесіздер.
Ал 6 тамыз күні кезінде қазақ футболының ең толымды тұлғаларының бірі болған, қазақ жастары арасынан «КСРО спорт шебері» деген атаққа Тимур Сегізбаевтан, Владимир Асылбаевтан, Юрий Мусиннен кейін қол жеткізген (Сейілда Байшақов екеуі бір жылда) атақты қақпашымыз Құралбек Ордабаев 70-ке толды. Ол спортшылық мансабынан кейін «Қайрат» командасын, еліміздің Футбол федерациясын қиын пəйттерде басқарды. Былайынша құрметтеуге қай жағынан да келіп тұр. Бірақ біздің тек өзінен жоғарылардың алдында ғана бас шұлғып, шыбындап тұратын, қолға үйретілген сүйікті министрлігіміз тағы да аузына су жұтып алғандай үнсіз қалды. Құдды мұндай атақты адам, саңлақ спортшы өмірде ешқашан болмаған сияқты.
Бұ қалай сонда? Өз уақытында тұтас бір республиканың, мұқым халықтың мақтанышы болған әйгілі перзенттеріміздің енді ешкімге керегі болмай қалғаны ма? Әлде бізде аты аңызға айналған тап осындай сайыпқырандар соншалықты көп пе еді?
Бұл нені көрсетеді? Бұл ең алдымен біздің мемлекетімізде ұлттық құндылықтардың аяққа тапталып келе жатқанын танытады. Тарлан тұлғаларды кезінде жақсы пайдаландық, енді жастары ұлғайған кездерінде немесе қайтыс болып жатқандарында мүлде керек етпей қоя салдық. Шын мәнінде олай да болмауы керек-тін. Турасында Әбдірәшит секілді атақты спортшы әрі актер дүниеден озып жатқанда, оның жаназасына министрдің өзі арнайы баруға, республикалық басылымдарда қазанама жариялатуға тиісті еді. Бірақ оның бұлар тұрмақ, марқұмның əулетіне бес ауыз сөзден тұратын жарты тілім жеделхат жіберудің өзіне парасат-пайымы жетпеді. Сол сияқты Құралбек аға жетпіске толып жатқанда министрдің өзі болмаса да, спорт комитетінің басшысы арнайы барып құттықтап қайтса, тағынан тайып қалар ма еді?!
Осыдан кейін мына министрлік жастарды қалай спортты сүюге үндей алады? Өскелең ұрпақты қалай отаншылдыққа, патриотизмге тəрбиелейді? Олардың атақты спортшыларға деген мынадай көзқарастары мен қарым-қатынастарын көрген жас толқын бұлардың туы астында сайысқа шығуға құлықты бола қояр ма екен? Жалпы, құндылық дегеннің не екенін толық ұғына алмай отырған мұндай министрлік халықтың құрметі мен қошеметіне қалай ие болады? Ал қай қоғамның да ең басты құндылығы – адам. Адамды құрметтей алмайтын қоғам – іріп-шіріген қоғам. Себебі, адамсыз қоғам да болмайды. Кез келген халықтың ұлттық құндылығы адам тәрбиесінің жиынтығынан құралады. Оның негізін адамға деген құрмет қалайды.
«Ұлттық құндылық дегеніміз – әлдеқандай бір этникалық қауымдастық өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы» делінген энциклопедиялық сөздіктердегі ұлттық құндылық туралы түсіндірмеде. Ал біз жоғарыда айтып өткен тұлғалар тап осы көрсетілген шеңбердің шырғасына шақ келетін саңлақтар еді.
Тағы бір мәселе. Қазақ халқының кеңес дәуіріндегі ең көрнекті тұлғаларының қатарында ғылым академиясын құрып, ғылымды жолға салып бергенінің өзін былай қойғанда, республика жеріндегі қазба байлықтардың денін тауып, елдің игілігіне айналдырып кеткен атақты академик Қаныш Сәтбаев та бар. Сондай асылдың туғанына биыл 120 жыл толып отыр. Қазір жылдың жартысы да ауып, соңына қарай ақырын жақындап келеді. Соған қарамастан, осы дата туралы бір ауыз сөз айтып, бір шара өткізуге, алаштың асып туған аяулы перзентінің ел алдында сіңірген еңбегін халыққа жеткізуге ниет еткен бір шенеунікті көрмей отырмыз әлі.
Мына қалпымызбен қайда барамыз?

Серік ПІРНАЗАР

 

Таңбалар: спортшытәрбиеұлттық құндылық

Ұқсас мақалалар

Қызылордада кезекті кеңейтілген мәжіліс ұрпақ тәрбиесіне арналды
Жаңалықтар

Қызылордада кезекті кеңейтілген мәжіліс ұрпақ тәрбиесіне арналды

09.01.2026
Ханбабаева: Қызыма ТВ емес, өзім тәрбие беремін
Жаңалықтар

Ханбабаева: Қызыма ТВ емес, өзім тәрбие беремін

07.05.2020
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist