26 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Үлкен жетілік» АҚШ-ты Ресейге қысымды күшейтуге көндіре алмады

18 Маусым 2025 12:13
- Жаңалықтар, Жаһан
«Үлкен жетілік» АҚШ-ты Ресейге қысымды күшейтуге көндіре алмады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ОТТАВА. 18 маусым. Канадада бас қосқан G7 елдері АҚШ-ты Путинге қысымды күшейтуге көндіре алмады, Трамп Украинаны қолдаудан бас тартты. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Канада байтағында өткен G7 саммиті оның мүшелері арасында елеулі келіспеушіліктердің бар екенін көрсетті: әлем лидердері АҚШ президенті Дональд Трампты Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге көндіре алмады.

«Үлкен жетілік» саммитінде Батыс елдері басшыларының Ресей-Украина соғысы мәселесіне қатысты алауыздығы тағы да паш етілді. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы санкцияларды күшейту бастамасын қолдаудан бас тартты. «Тiптi, Ресей Федерациясының бейбiт халық арасында жаппай шығынға әкелген аяусыз шабуылдарының жаңа толқыны да оның ойынан айнымады», – деп жазды бұл жайлы Bloomberg агенттігі.

Ақпарат мәнбелерінің хабарлауынша, Трампты санкциялық қысымды күшейтуге көндіру әрекеті сәтсіз аяқталған. Ол санкциялардың «АҚШ үшін тым қымбатқа түсетінін» тағы да қайталап айтып, олардың тиімділігіне күмән келтірді. Ол бұған дейін «Кремльге қарсы жаңа шектеулер қоямын» деп қорқытқанымен, іс жүзінде атысты тоқтату туралы дипломатиялық үндеумен ғана шектелді.

Мұның есесіне, Ресей армиясы саммит өтетін күннің алдындағы түні Киевке соғыс басталғалы бері болмаған жойқын соққыларды жасады. Соның салдарынан 14 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланды. Тоғыз қабатты тұрғын үйге жасалған шабуыл ғимараттың тұтас бір бөлігін қиратты, қазір үйінді астынан адамдарды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Канадаға ұшып бара жатқан Украина басшысы Володимир Зеленський бұл оқиғаны «бүкіл соғыстағы ең қорқынышты шабуылдардың бірі» деп атады.

«Бұл – таза террор. АҚШ пен Еуропаны қоса алғанда, бүкіл өркениетті әлем, сайып келгенде, лаңкестерге өркениетке лайықты түрде жауап беруі керек», –деді ол.

Алайда Оттавада Зеленський мен Трамп кездесе алмай қалды. Себебі, Таяу Шығыстағы дағдарысты желеу етіп алға тартқан АҚШ президенті саммит аяқталмай жатып, бір күн бұрын қайтып кетті. Бұл Американың Украинаға қатысты ұстанымының тұрақсыздығына мазасызданып отырған НАТО-дағы одақтастар алаңдаушылығын одан әрі күшейтіп жіберді.

Дегенмен, Құрама Штаттар мың құбылып тұрғанда, Ұлыбритания мен Еуроодақ батыл қадамдарға көшті. Олар саммиттен бір күн бұрын Ресейге қарсы жаңа, 18-ші санкциялар пакетін ұсынды. Атап айтқанда, мұнайдың баррелінің ең жоғары бағасын 60 доллардан 45 долларға дейін төмендетіп жіберіп, Ресей экономикасына күйрете соққа беру мәселесі талқыланды. Осы тұста Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен «қазіргі жағдайда шекті төмендету соншалықты өзекті емес» деген риториканы алға тартты. Британ премьер-министрі Кир Стармер, керісінше, «Біз бұл санкцияларды қолға алуымыз керек, мерзімі жетті», – деген байлам айтты.

Алайда Украинаның ең ірі әскери және қаржылық доноры – АҚШ әрекет ету ерік-жігерін жоғалтса, ең агрессивті санкциялар да кеш болуы мүмкін. Осыған орай Еуроодақ елдері енді Ақ үйге көпп аса сенбей, Киевті қолдаудың балама сызбаларын жасап шығуға көбірек көңіл бөліп жатыр. Брюссель, әсіресе Амермканың қолдауы әлсіреген жағдайда пікірлес елдермен өзінің қорғаныс байланыстарын нығайту қажеттігін айтып отыр.

Таңбалар: Дональд Трампкелісімсаммит

Ұқсас мақалалар

Трамп Украинаға Patriot зымыранын жасауға лицензия беру жайын әлі шешпегенін айтты
Жаңалықтар

Трамп Украинаға Patriot зымыранын жасауға лицензия беру жайын әлі шешпегенін айтты

31.07.2026
WSJ: Трамп Путиннің соғыста жеңем деген уәдесінен шықпағанына ренжіді
Әлеумет

WSJ: Трамп Путиннің соғыста жеңем деген уәдесінен шықпағанына ренжіді

28.07.2026
Трамп: АҚШ Украинаға Patriot үшін зымыран шығаруға рұқсат береді
Жаңалықтар

Трамп: АҚШ Украинаға Patriot үшін зымыран шығаруға рұқсат береді

08.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist