25 Тамыз, 18:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина қарсы шабуыл үшін бір миллиондық армия жинап алды

7 Маусым 2023 23:03
- Жаңалықтар, Жаһан
Украина қарсы шабуыл үшін бір миллиондық армия жинап алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 7 маусым. Украина Қарулы күштері РФ басқыншыларына қарсы шабуылға шығу үшін өз қатарына бір миллион жауынгерді топтастырып алып отыр. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей әскерилерінің бағамдары бойынша, Украина қарсы шабуылға қатысу үшіг 700 мыңнан 1 миллионға дейінгі адам санынан құралған жаңа 20 армия бригадалары мен ұлттық гвардия бригадаларын жасақтап алған.

Bloomberg-тің жазуына сүйенген Ресей қорғаныс министрі қазір осындай ақпар таратып отыр.

Биылғы сәуір айының басында-ақ Украина қарсы шабуылға шығу үшін қосымша 40 000 шабуылдаушы жасақтар жауынгерлерін 8 бөлімше бойынша дайындап қойғандарын баяндап еді. Содан бері елдің басшылары, соның ішінде Володимир Зеленьский өздеріне батыстың қару-жарағы көптеп керек екенін талай рет айтты. Бірақ президент 3 маусым күні The Wall Street Journal журналында жарық көрген сұхбатында: «Мен мұның қанша уақыт алатынын, оның құны қаншаға түсетінін білмеймін. Шынын айтқанда, оқиғаны өрістетудің бірнеше нұсқасы, бір-бірлерінен мүлде бөлек. Дегенмен, біз дайынбыз», – деген-ді.

Украина қарсы шабуылға «өте жақсы дайындалды» деді содан екі күн кейін АҚШ штабтары басшылары біріккен комитетінің төрағасы Марк Милли.

«Мәскеудегілер «соғыста табысқа жетуі үшін Украинаның қазан айына дейін уақыты бар, оған оңтүстікке қарай жылжып, нәтижесінде Қырымға шығу мақсатында негізгі соққыны елдің оңтүстік-батысындағы Запорожье облысына беруге тура келеді деп есептейді» деп жазады Bloomberg өз мәнбесіне сүйеніп. Бұдан бөлек, дәл Каховка ГЭС-і жарылардың алдында Мәскеудегілердің негізгі операцияға қолдау көрсету үшін жасалатын бұдан гөрі әлсіздеу соққылардың Днепр арқылы жүзеге асырылады деп күтетіні баяндалған еді.

Ал НАТО-ның жоғары лауазымды бір шенеунігі агенттікке ресейліктердің Днепр бағыты екінші майдан ретінде қолданылатыны жөніндегі байламдарына келісетінін білдірген болатын. Рас, мамандар қазір Каховка ГЭС-і жарылып, Днепрдің екі жағалауын да топан судың басып қалуы жақын арада бұл маңайдың екінші майдан бола алмайтынын айтып отыр. Осыған қарап-ақ Ресей армиясының су қоймасын неге жарып жібергендері түсінікті бола түседі. Себебі, майдан шебінің қысқара түсуі Ресей үшін ғана тиімді. «Бұдан кейін орыстар негізгі күштерін шығысқа төге алады», – деп жазады Американың сыртқы саясатты зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Роб Ли «Financial Times» газетіне.

Алайда мұның бәрі (ГЭС-тің жарылуы) қарсы шабуылдың жалпы өрісіне кедергі келтіре алмайды деп есептейтіндер аз емес. Мәселен, Американың гибридті қауіп-қатерді талдаумен айналысатын кәсіпкерлік институтынығ аға ғылыми қызметкері Элизабет Броу осындай пікірде.

Енді Ресейдің қорғанысы жайына келсек, сарапшылар олардың негізінен нашар дайындықтағы жауынгерлер мен нашар жабдықталған резервшілерден тұратындарын аоға тартады. Rand Corporation-ның аға әскери аналитигі Скотт Бостон осылай дейді.

Таңбалар: қарсы шабуылмайданУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist