25 Тамыз, 19:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина: Лиман маңындағы 5 елді мекен жаудан босатылды

1 Қазан 2022 19:09
- Жаңалықтар, Оқиға
Украина: Лиман маңындағы 5 елді мекен жаудан босатылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 1 қазан. Украина Қарулы күштері Донецк облысының Лиманға жақын 5 елді мекенін Ресей басқыншыларының қол астынан босатты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Қазір осы бағыттағы тұрақты шаралар жалғасып жатыр.

Украина Шығыс әскерлер тобының спикері Сергей Череватый бүгін ұлттық телеарнада сөйлеген сөзінде бұлардың арасында Ямполь, Новоселовка, Шандриголово, Дробышево, Ставки бар екенін айтты. «Лиман маңындағы Ресей әскерлер тобы қоршауға алынды», – деді ол.

Оның айтуынша, Лиман ауданында 5-5,5 мың шамасындағы оккупант қоршауға алынған. Ол сонымен бірге, дәл қазір «қазаншұңқырға» қамалған ресейліктердің дәл санын дөп басып нақты айтудың қиын екенін де ескертті. Себебі, онда әлі кескілескен шайқас, тоқтаусыз атыс жүріп жатыр. Сондықтан жаудың саны «минусқа кетіп жатқаны» да шындық. Рас, басқыншылар бірнеше рет қоршауды бұзып-жарып шықпақшы болып әрекет етіп еді, УҚК-ның тегеурінді соққылары арқасында олардың бұл іс-қимылдары өздері үшін «оншалықты сәтті бола қоймады».

Шығыс әскерлері тобының спикері сондай-ақ оккупанттар арасында беріліп жатқандары да бар екенін, ресейліктер арасында өлгендер мен жараланғандар өте көп екенін, бірақ Лиманда азат ету жолындағы жорықтың әлі аяқталмағанын сөз етті.

Осы мезгілде Украина бас барлау басқармасының қоршауда қалған ресейліктердің сыртпен телефон арқылы байланыстарын да ұстап алып жатқаны белгілі болды. «Біз қоршауда қалдық, сендермен қоштасу үшін телефон соғып жатырмын», – деді солардың бірі әйеліне.

Бүгін тәулік ішінде Ресей армиясының 530 солдатынан, 16 танкісінен айырылғаны да белгілі болды.

Оккупанттар жалпы осы кезге дейін 59 610 жауынгерін ажал құштырды.

Таңбалар: жауқоршауЛиманУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist