6 Қыркүйек, 13:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тыва қызы Азия сұлулық байқауында жеңіске жетті (видео)

14 Желтоқсан 2020 21:57
- Жаңалықтар, Таным
Тыва қызы Азия сұлулық байқауында жеңіске жетті (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КЫЗЫЛ. 14 желтоқсан. Тываның Чечен Кыргыс есімді қызы «Азия келбеті-2020» халықаралық сұлулық байқауында жеңімпаз атанды. Бұл туралы ARD хабарлады.

Конкурсқа Азияның 23 елінен 79 модель қатысқан.

Мұны қыздың өзі Instagram-ға жазды.

Биылғы жылы конкурста Untact Face of Asia эпитеті пайда болды. Ондағы untact сөзі «онлайн», яғни «бетпе-бет байланыссыз», «контактісіз» деген мағынаны білдіреді.

«Мен қатардағы көп отбасының бірінен шыққан қарапайым ғана қызбын, күллі Азияның ең ауқымды сұлулық байқауында жеңіске жеттім. Бұл – нағыз ертегі. Осыған қолым жеткен кезде бойыма құйылып келген қуаныш сезімінен қатты толқыдым», – деп жазды Чечен Кыргыс.

Тыва басшысы Шолбан Кара-оол қызды зор жеңісімен құттықтады. Оның айтуынша, «республикадан шыққан тұлғалар биыл тек ресейлік қана емес, сонымен бірге халықаралық деңгейдегі жарыстарда да бас айналдыратын табыстарымен елін қуандырып жатыр». Жақында ғана «Сен суперсің!» деген музыкалық байқаудың төртінші маусымында Тываның екі жас әртісі – Ай-Кыс Кыргыс пен Денберел Ооржак жеңімпаз атаныпты.

Чечен Кыргыс бұған дейін бірнеше рет сұлулық байқауына қатысқан екен. №1 Шагонар мектебінің түлегіне алғашқы табыс 2012 жылы келеді. Ол Кызылда өткен «Азия аруы» халықаралық сұлулық байқауында жеңіске жетеді.

2016 жылы Чечен Улан-Баторда өткен моңғол ұлттарының халықаралық сұлулық байқауында лайықты өнер көрсетіп, «ұлттық қазына» номинациясымен марапатталады.

Қыз Кызыл медицина училищесін бітіргеннен кейін Кемер медицина академиясына түскен. «The Korean Times» газеті атап өткендей, Тывадан шыққан студент қыз қазір ковидпен ауырған науқастарға көмектесіп жүр. Дәрігерлік қызметінен қолы бос кезінде  фото және видео түсірілімдерге қатысады.

Айтқандай, «чечен» деген сөз тыва тілінде «сөзге шебер», «шешен» деген мағынаны білдіреді. Біз бұл сөзді «шешен» деп айтамыз.

Таңбалар: АзияконкурсЧечен Кыргыс

Ұқсас мақалалар

Санкт-Петербургте «Қытай тілі – көпір» деген конкурс мәреге жетті
Жаһан

Санкт-Петербургте «Қытай тілі – көпір» деген конкурс мәреге жетті

22.05.2026
Болгар әншісі «Еуровидение-2026»-да сенсациялық жеңіске жетті
Жаңалықтар

Болгар әншісі «Еуровидение-2026»-да сенсациялық жеңіске жетті

17.05.2026
«Еуровидение» конкурсында Аустрия өкілі өкілі жеңіске жетті (видео)
Жаңалықтар

«Еуровидение» конкурсында Аустрия өкілі өкілі жеңіске жетті (видео)

18.05.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist