ВЕНА. 17 мамыр. Болгариядан келген әнші Dara «Еуровидениенің» биыл 70-ші мәрте өткен конкурсында бас жүлденің иегері атанды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Болгар орындаушысы финалда өзінің басты бәсекелестері – фин дуэті мен аустралиялық өнерпазды артта қалдырып кетті.
«Болгариядан келген Dara әнші «Бангаранга» композициясымен Аустрия астанасында 17 мамыр, жексенбіге қараған түні аяқталған «Еуровидение» байқауында күтпеген жерден жеңіске жетті. Ол букмекерлердің басты фавориттері – скрипкашы Линда Лампениус пен әнші Пете Паркконен құрамындағы фин дуэтін және аустралиялық Дельта Гудремнен басып озды», – делінген хабарламада.
Қатысушы елдердің ұлттық қазылары мен көрмендердің дауыс берулері қорытындысы бойынша «Еуровидение» конкурсының алғашқы үздіе ондығы сапынан тағы мына қатысушылар көрінді:
- Ноам Беттан (Израиль)
- Александра Капитанску (Румыния)
- Дельта Гудрем (Аустралия)
- Саль да Винчи (Италия)
- Линда Лампениус және Пете Паркконен (Финляндия)
- Серен Торпергор Лунн (Дания)
- Сатоши (Молдова)
- Лелека (Украина)
- Акилас (Грекия)
«Еуровидениенің» биылғы 70-ші конкурсы 12, 14 және 16 мамыр күндері Аустрия байтағы – Вена қаласындағы «Винер-Штадтхалле» жабық стадионында өтті.
Конкурсты Еуропа хабар тарату одағы мен Аустрияның Österreichischer Rundfunk телерадиокомпаниясы ұйымдастырды.
USD




