19 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Трамптың Ресеймен байланысын айғақтайтын құпия құжат табылды

31 Шілде 2025 16:10
- Жаңалықтар, Қайнар
Трамптың Ресеймен байланысын айғақтайтын құпия құжат табылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 31 шілде. АҚШ-тың Федералды тексеру бюросы (ФТБ) Дональд Трамптың Ресей барлау қызметімен байланысы болғанын дәлелдейтін құпия құжаттар тапты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Fox News дереккөзінің хабарлауынша, ФТБ тапқан құжаттар кезінде АҚШ үкіметінің Хилари Клинтонға президент сайлауында жеңуге көмектесу жөнінде нақты жоспары болған деген мәлімдемені нығарлай түседі.

Федералдық тексеру бюросының директоры Кэш Пател сонымен қатар Дональд Трамптың Ресеймен 2016 жылғы сайлау тұсындағы тығыз қарым-қатынасын тексеруге қатысты құпия құжаттар жинағы табылғанын да баяндады. Құжаттар ФТБ ішіндегі құпия бөлмеде – бұрын белгісіз болып келген жасырын ақпарат нысанындағы (SCIF) бірнеше «өртенген сөмкелерде» сақталған деген болжам бар. Маусым айында Пател Джо Роганның подкастында бөлмеде «ешкім көрмеген және естімеген» құжаттар мен қатты дискілер бар екенін айтты.

Fox News аталмыш құжаттардың табылғаны туралы 30 шілде, сәрсенбі күні өз ақпарат мәнбесіне сілтеме жасап хабарлады. Олардың айтуынша, құжаттардың бірі АҚШ-тың бұрынғы арнайы прокуроры Джон Даремнің баяндамасының құпия қосымшасы болып табылады. Ол 2023 жылы ФТБ Трамптың РФ-пен байланысының тексеру жағдайында өзгеше әрекет жасады деп мәлімдеген болатын.

«Қорытындыда құпия қосымшаны халыққа жеткізу АҚШ үкіметінің сайлау алды науқанда Трамптың Ресеймен байланысы жайындағы жанжалын ушықтыра түсу арқылы Клинтонға (Хилари – ред.) көмек көрсетуді үйлестіріп отыруды жүзеге асырды деген тұжырымды нығайта түседі», – деді Fox News әңгімешісі.

Мәнбенің айғақ болуынша, мыңдаған құжаттармен толтырылып, өртеуге дайындалып қойылған бірнеше қап табылған.

Пател қағаздарды АҚШ Конгресі Сенаты заң комитетінің райысы Чак Грасслиге өткізген.

Бұдан бұрынырақ, 22 шілдеде Трамп АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманы мемлекетке опасыздық жасады деп айыптаған еді. Ақ үйдің егесі мұнда АҚШ Ұлттық барлау директоры Тулси Габбардтың бұдан екі апта алдын жарияланған баяндамасына сілтеме жасады. Онда Габбард ханым Обама мен оның жақынырақ көмекшілері Ресейдің 2016 жылғы сайлауға ықпал ету әрекеттеріне қатысты «барлауды қолдан жасап, саясаттандырған» деген қорытындыға келеді.

Оның айтуынша, Барак Обама мен оның әкімшілігі демократтар жеңілгеннен кейін сайлау инфрақұрылымына кибершабуыл жасау арқылы Ресейдің ықпалы туралы тиісті есептерді әдейі ойлап тапқан. «Осылайша, Ресей 2016 жылы Дональд Трамптың сайлануына көмектесті деген жалған барлау ақпаратын тарату арқылы сайлау қорытындысына күмән келтірмекші болған. Бірақ бұл сайлауға дейінгі айларда жасалған бұрынғы бағалауларға қайшы келді, олар мүлде керісінше: АҚШ-тағы президент сайлауын бұзуға әрекеттенуге Ресейдің ниеті де, мүмкіндігі де болған жоқ», – деді Габбард.

Осының аясында Трамп жасанды интеллектінің (ЖИ) көмегімен бұрынғы президент Барак Обаманы ФТБ агенттерінің Сопақша кабинетте тұтқындап, қолына кісен салғанын көрсететін видео жасатып таратты. Одан кейін Обаманы темір тордың ар жағында АҚШ-тағы тұтқындар киетін қызғылт сары комбинезонмен көрсетті.

Таңбалар: байланысДональд ТрампРФ

Ұқсас мақалалар

Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес
Дәулет

Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

15.10.2026
Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 
Жаңалықтар

Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

15.10.2026
Собянин: РФ экономикасын соғыс рельсіне көшіру елді жоқ қылады
Дәулет

Собянин: РФ экономикасын соғыс рельсіне көшіру елді жоқ қылады

06.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist