4 Қыркүйек, 18:09
RAST.kz
USD USD 455.86 ₸
EUR EUR 528.84 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тоқаев: Жұрт қаңтар оқиғаларына қатысты қауесетке ермеуі тиіс

22 Қаңтар 2022 18:48
- Жаңалықтар, Құқық
Тоқаев: Жұрт қаңтар оқиғаларына қатысты қауесетке ермеуі тиіс
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 22 қаңтар. Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылым басшыларымен кеңес өткізді. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Мемлекет басшысына еліміздегі ахуалды тұрақтандыру үшін берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды. Әсіресе, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қайта қалпына келтіруге, азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге баса мән берілді.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Презмдентке елдің барлық аймақтарында жүріп жатқан «Қоғамдық тәртіп» жедел-алдын алу шараларының жүру барысы туралы баяндады. Тұрғындардан заңсыз сақталған қаруларды жинап алу жалғасып жатыр.

«Терроризм, кісі өлтіру, билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсету, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасау және басқа да қылмыстар бойынша 1 822 қылмыстық іс қозғалды. Оның 116-сы арнаулы прокурорларға жолданды. Ішкі істер министрлігі жеке қауіпсіздік департаменті жанынан сенім телефоны іске қосылды», – деді Ішкі істер министрі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев мемлекет басшысына лаңкестік қауіпті жою және келешекте ондай қатерге жол бермеу механизмдерін әзірлеу жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов президентке қазіргі уақытта Қарулы Күштердің жекелеген бөлімшелері ішкі істер органдарымен бірлесіп, террористік қауіптің “қызыл” деңгейінде тұрған өңірлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындауды жалғастырып жатқанын баяндады. Әскери нысандардың, соның ішінде қару-жарақ және оқ-дәрі қоймаларының күзеті күшейтілген.

Қорғаныс министрлігі мемлекет басшысының Қарулы Күштерді реформалау жөнінде берген тапсырмасын орындауға кірісті.

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов мемлекет басшысына терроризм мен жаппай тәртіпсіздік деректері бойынша жүргізіліп жатқан тергеу амалдарының барысы туралы есеп берді. Сонымен қатар ұсталған азаматтардың құқығын қамтамасыз ету үшін прокурорлардың қабылдаған шаралары жөнінде баяндады. Ғизат Нұрдәулетовтің айтуынша, олардың бәрі қорғау, заңды көмек алу, шағым жасау құқығымен қамтамасыз етіліп жатыр. Прокуратура органдарына қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтардан 84 шағым түскен. Қадағалау шаралары бойынша ұсталған 96 адам босатылған.

Сонымен қатар қадағалау органының жетекшісі нақты дәлелі жоқ жағдайларда жазаны жеңілдету жөніндегі мемлекет басшысының берген тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берді. Берілген мәліметтер бойынша әкімшілік тәртіпке сәйкес соттардың шешімімен 3314 адам тұтқындалған. Прокурорлар 1884 іске қатысты жазаны жеңілдету жөнінде өтініш берген. Оларды тексеру нәтижесінде 1083 адам тұтқыннан босатылған. 493 азаматқа салынған айыппұл ескерту жазасына ауыстырылған.

Баяндамаларды тыңдаған мемлекет басшысы болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастыру қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат саласындағы күштік құрылымдар мен өкілетті органдар күш-жігерін үйлестіріп, жұртшылық тарапынан түсетін сауалдарға жедел жауап беруге тиіс екеніне тоқталды.

Мемлекет басшысы азаматтар қазасына қатысты мәселе бойынша Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне әрбір жағдайды мұқият тергеп-тексеру жөнінде тапсырма берді.

«Жұртшылықтың болған оқиғалар жөнінде қауесетке негізделген пікір қалыптастыруына жол беруге болмайды. Азаматтар биліктің ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етіп отырғанын көруге тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Президент әкімшілігінің басшылығына осы мәселені бақылауға алу тапсырылды.

 

Таңбалар: кеңескүштік құрылымдарҚасым-Жомарт Тоқаев

Ұқсас мақалалар

Қызылордада Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы талқыланды
Әлеумет

Қызылордада Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы талқыланды

03.09.2026
Президент өз Жарлығымен Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын құрды
Жаңалықтар

Президент өз Жарлығымен Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын құрды

29.08.2026
Мемлекет басшысы Құрылтайдың ашылу сессиясында жаңа міндеттерді алға тартты
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Құрылтайдың ашылу сессиясында жаңа міндеттерді алға тартты

28.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

    «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455.86 ₸
EUR EUR 528.84 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist