17 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сыртқы істер министрлігі: Тина Канделаки енді Қазақстанға кіре алмайды

22 Қаңтар 2024 19:07
- Жаңалықтар, Құқық
Сыртқы істер министрлігі: Тина Канделаки енді Қазақстанға кіре алмайды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 22 қаңтар. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки даулы мәлімдемесінен кейін елімізге кіре алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы  Halyq Uni ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Бұдан бұрын ол Қазақстанда орыс тілінің ықпалы мен аясы тарылып жатқанын айтып, дабыл қаққан болатын. Даукес бәдеқордың мұнысы әдеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Оның барысында ресейлік грузин қызы қазақтарды «мәңгүрт» деп атады.

Осыдан кейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріменк кездесіп, ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки бұдан былай Қазақстанға кіре алмайтынын мәлімдеді.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Қазақстанға қарсы пікір айтқандарға мемлекет керек кезде шара қабылдайтынын ескертті.

«Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол (Тина Канделаки – авт.) Қазақстанға келе қоймас, ал келсе кіре алмайды», – деді Айбек Смадияров.

Тина Канделаки һхінің жазбасында «Уральск» атауының — «Орал», «Узень» атауының «Жаңаөзен» деп өзгеруі күмән тудыратын шешім екенін білдірген.

Ресейлік журналистің даулы жазбасына қатысты бірінші болып қазақстандық тележүргізуші Динара Сатжан жауап берді.

«Қымбатты Тина! Біріншіден, біз тәуелсіз егемен мемлекетпіз. Орыстардың жақсы мақалы бар ғой: «Өзге елде өз ережеңді жүргізе алмайсың»! Қай теміржол станциямызды қалай атайтынымызды өзіміз шешейік. Екіншіден, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес өкіметі жылдарында жоғалған ана тілін біртіндеп қайтарып келеді. Үшіншіден, орыс тілі біздің елімізде ұлтаралық қарым-қатынастың ресми тілі, ал қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады. Бұл біздің Конституцияның 7-бабында бекітілген. Теміржол вокзалдары, өздеріңіз жазғандай, өзгертілген жоқ, бірақ бұл олардың қазақ тіліндегі дұрыс аумақтық атаулары. Орыстың ығысуының бұған қандай қатысы бар? Ал бізде тек мемлекеттік тіл ғана емес, орыс, ағылшын тілдерінде де сөйлейміз. Біздің күшіміз осында!», – деп жазды ол.

Таңбалар: Қазақстанорыс тіліТина Канделаки

Ұқсас мақалалар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды
Жаңалықтар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды

15.10.2026
Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды
Дәулет

Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

14.10.2026
Бельгия Королі Филипп Тоқаевпен кездесуде өзінің сөзін қазақша бастады
Жаңалықтар

Бельгия Королі Филипп Тоқаевпен кездесуде өзінің сөзін қазақша бастады

12.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist