18 Қазан, 12:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда қаласында 320 пәтерлік 4 тұрғын үй пайдалануға берілді

9 Қазан 2025 12:30
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылорда қаласында 320 пәтерлік 4 тұрғын үй пайдалануға берілді

default

Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 қазан. Бүгін Қызылорданың Қазақ елі астанасы болғанына және халқымызға «қазақ» атауының қайтарылғанына 100 жыл толу мерейтойы аясында 320 пәтерлік 4 көп қабатты тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жаңа тұрғын үй кешені қаланың Сырдария өзенінің сол жағалауындағы аумағына орналасқан. Кейінгі жылдары ерекше қарқынмен дамыған сол жағалау сәулетті тұрғын үйлермен толыға түсті.

Салтанатты рәсімге зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, қала тұрғындары қатысты.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғын үй құрылысы саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, жаңа қоныс иелерін құттықтады.

«Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік саясат нәтижелі іске асырылуда. Соңғы үш жылда қаржыландырудың барлық көзінен облысымызда 2 млн 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Кезекте тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер сатып алынып, 25 мыңға жуық тұрғын қоныс тойын тойлады. – деді ол. – Барлық аудан орталықтарында жаңадан салынған 1500-ге жуық пәтер табысталды. Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысы мен жеке салушылардан дайын 3 800 пәтерді сатып алуға 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Қаржыландырудың барлық көзінен 870 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі».

Әкімнің айтуынша, соңғы үш жылда Қызылорда қаласының өзінде 5 600 пәтер жерлестеріміздің игілігіне айналған. Өткен айда 280 пәтерлік 7 көп қабатты тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар қоныстанды.

Ерекше атап өтетін жайт, өткен жылдан бастап қалада заманауи жаңа дизайнмен 7, 9, 12 қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.

«Бүгін – мемлекет қолдауымен баспаналы болған әр отбасы үшін ерекше қуанышты күн! Жаңа баспаналарыңыздың іргетасы берік, қабырғасы мығым, әр отбасының шаңырағы татулық пен берекеге толы болғай!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Іс-шарада жаңа тұрғын үйді салған құрылысшыларға облыс әкімінің Алғыс хаты тапсырылып, Жалағаш ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Өмірбек Шәменов құттықтау сөз сөйледі.

 

Таңбалар: көп қабатты пәтерлерҚызылорда қаласыНұрлыбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты
Әлеумет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты

10.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

08.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist