18 Қазан, 17:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сыр өнерпаздары Париж көрермендері алдында концерт қойды

24 Мамыр 2026 19:32
- Әлеумет, Жаңалықтар
Сыр өнерпаздары Париж көрермендері алдында концерт қойды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПАРИЖ. 24 мамыр. Қызылорда облысы филармониясының өнерпаздары Париж көрермендеріне концерттік бағдарлама ұсынды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Қазақстанның Франциядағы елшілігінің, Қызылорда облысы әкімдігі мен «Sumbe» компаниясының қолдауы арқылы Париждегі атақты дипломатиялық залдардың бірі – Cercle de l’Union Interalliée ғимаратында Қызылорда облыстық филармониясының концерті өтті. Мәдени шара Еуропадағы отандастар мен қандастардың басқосуы аясында мәдени байланысты нығайту және ұлттық өнер арқылы ұлт бірлігін дәріптеуді негіз етті», – делінген хабарламада.

Сыр өңірінен арнайы барған шығармашылық ұжым көременге халқымыздың төл өнерін, дәстүрлі музыкасын, күй мен бидің озық үлгілерін ұсынды. Кеш шымылдығы Құрманғазының «Балбырауын» күйімен ашылып, Қорқыт мұрасы, халық әндері мен Абай шығармалары орындалып, көрерменнің зор қошеметіне бөленді.

Концертті Франциядағы шетелдік елшіліктердің басшылары мен қызметкерлері, көрнекті тұлғалары, Еуропаның бірқатар елдерінде тұрып жатқан қандастарымыз, сондай-ақ Париж қаласының тұрғындары тамашалады.

Гастрольдік сапарға облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев бастаған Сыр мәдениеті мен өнерінің насихатшылары, өнер ұжымдары мен әртістерінен құралған шығармашылық делегация барып қайтты. Концертте халық аспаптар ансамблі, (көркемдік жетекшісі Нұрғиса Нұрбай), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе (домбыра), күйші Болат Күзембаев (домбыра), дәстүрлі орындаушылар, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Бисенбек Төлеубаев, Жәнібек Жақсан, филармония солистері, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Гауһар Бисекенова, Индира Баимбетова, Жалын Жүсіпов, Олжас Нұралиев, Назым Тілеулесова, Әлішер Шөжен, Арайлым Маханбетжанова және «Ai-Aru» заманауи би ансамблі өнер көрсетті. Концерт режиссері – «Ерен еңбегі үшін» медалінің және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгесінің иегері Әзиза Іздіқұлова.

Ғасырлар сырын сақтаған, Эйфель мұнарасы асқақтаған, Сена жағасында сан тағдыр мен сан өнер тоғысқан ғажайып шаһардың  тұрғындары мен қонақтары ұлттық қолөнер туындыларын тамашалап, ұлттық музыкамыз мен әлемдік классиканың танымал шығармаларын тыңдауға мүмкіндік алды. Сыр бойының төлтума өнерін, қазақ ұлттық фольклорын жоғары деңгейде насихаттаған өнер иелері көрерменнің зор ықыласы мен құрмет-қошеметіне бөленді.

 

 

Таңбалар: концертҚызылорда. Парижөнерпаздар

Ұқсас мақалалар

Канье Уэст концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге әкелді
Дәулет

Канье Уэст концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге әкелді

05.09.2026
Алматыда Энрике Иглесиастың концерті кезінде 2 мың полицей қызмет көрсетеді
Әлеумет

Алматыда Энрике Иглесиастың концерті кезінде 2 мың полицей қызмет көрсетеді

05.09.2026
Алматыда өтетін Канье Уэстің шоу концерті ертеңге қалдырылды
Жаңалықтар

Алматыда өтетін Канье Уэстің шоу концерті ертеңге қалдырылды

14.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist