19 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сыр елінде Секен Тұрысбековтің шығармашылық кеші өтті

11 Маусым 2025 22:13
- Жаңалықтар, Руханият
Сыр елінде Секен Тұрысбековтің шығармашылық кеші өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 11 маусым. Бүгін Қызылорда қаласындағы «Өнер орталығында» белгілі күйші, композитор Секен Тұрысбеков шығармашылық кешін өткізді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Секен Тұрысбеков басқаратын «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің концерті Қызылорда қаласының астана болғанының ғасырлық мерекесіне, Қазақстанның халық артисі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Кешті облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, аймақтың өнерсүйер жұртшылығы тамашалады.

Концерт «Ақ жауын» камералық оркестрінің орындауында Секен Тұрысбековтің «Ұлы дала» шығармасымен ашылды.

Аймақ басшысы құттықтау сөз сөйлеп, оркестр ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

«Қазақтың күй өнері – халқымыздың рухани болмысы мен мәдениетінің биік тұғыры, сарқылмас асыл қазынасы. Қос ішекті домбыраны кие тұтып, шанағынан небір туындыны төгілдірген кешегі Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Динадан жеткен қастерлі ұлт мұрасын жалғаушы Секен Тұрысбеков – ерекше дарын иесі. Секен Кәрімұлының «Көңіл толқыны», «Балауса», «Дарабоз», «Ақ жауын», «Тарбағатай», «Аққу сазы», «Ерке құсым», «Көктемім менің», «Қоңыр қаз» секілді ән-күйлері халықтың жүрегінен орын тауып, ұлт руханиятын кемелдендіре түсті. Еліміздің дарынды перзенті Секен ағамыздың шалқар шабытынан туған шығармалары бойға рух беріп, жүректі тербейді. Дарын иесінің күйшілік өнері жеке орындаушылықтан асып, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестріне ұласты», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

«Бұл – талмай еңбек етудің, ұзақ жылғы ізденістің, қабілетті жастарды маңына жинап, ерінбей үйретудің нәтижесінде жүзеге асқан абыройлы іс. Күй – өміршең өнердің бірегейі. Бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізген төл мұрасын кеңінен насихаттауда, бүгінгі буынның санасына сіңіруде «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің еңбегі зор. Бүгінге дейін әлемнің бірқатар елдерінің үздік сахналарын әсем сазбен тербеп, қазақ өнерін асқақтатқан оркестр ұжымының еңбегі қашанда құрметке лайық», – деді бұдан әрі Нұрлыбек Машбекұлы.

Кеште Құрманғазының «Ақсақ киік», «Қайран, шешем», Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы», «Боорлаштарым», Дина Нұрпейісованың «Әсем қоңыр» күйлері орындалды. Жүректің нәзік қылын шертетін күші бар, тыңдаушысын ой мен сезім тұңғиығына тартатын туындыларды тыңдауға келген көрерменнің қошеметі ерекше болды.

Шығармашылық кеште өнер көрсеткен Секен Тұрысбековке және барша таланттарға облыс әкімінің ықылас гүлі табыс етілді.

Таңбалар: Ақ жауынконцертСекен Тұрысбеков

Ұқсас мақалалар

Канье Уэст концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге әкелді
Дәулет

Канье Уэст концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге әкелді

05.09.2026
Алматыда Энрике Иглесиастың концерті кезінде 2 мың полицей қызмет көрсетеді
Әлеумет

Алматыда Энрике Иглесиастың концерті кезінде 2 мың полицей қызмет көрсетеді

05.09.2026
Алматыда өтетін Канье Уэстің шоу концерті ертеңге қалдырылды
Жаңалықтар

Алматыда өтетін Канье Уэстің шоу концерті ертеңге қалдырылды

14.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist