18 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Странджа турнирі: Қазақстаннан финалға екі боксшы ғана шықты

11 Ақпан 2024 14:35
- Жаңалықтар, Сайыс
Странджа турнирі: Қазақстаннан финалға екі боксшы ғана шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

СОФИЯ. 11 ақпан. Болгарияның байтағы – София қаласында 4 ақпаннан бері өтіп жатқан «Странджа кубогінің» бүгін аяқталатын финалдық кезеңіне екі қазақ боксшысы ғана жолдама ала алды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Кеше халықаралық турнирде жартылай финалдық жекпе-жектер болып өтті.

Жарыстың бұл кезеңіне дейін жеткен қазақстандық үш боксшының екеуі кезекті жеңістеріне жетіп, біреуі ұтылып қалды.

Бірден айтып қояйық, біздің жеңіске жеткен екі жігітіміз де қарсыластарынан айтарлықтай басым бола алған жоқ.

Алдымен шаршы алаңға 51 келіге дейінгі салмақтағы Санжар Тәшкенбай көтерілді. Ол өзбек Асилбек Жалоловпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек тең жағдайда өтті. Оның бірінші раундының басында Асилбек көбірек шабуылдады. Содан кейін Санжар шамалы белсенділік көрсетті. Нәтижесінде төрешілер раундты 3:2 есебімен біздің жігіттің пайдасына шешіп берді. Екінші раундта оның визавиі сәл басымдау болды – 3:2. Үшінші раундта қазақстандық атлет 3:2 есебімен алда тұрды. Осы болар-болмас басымдық Санжарды финалға шығарып берді.

67 келіге дейінгі салмақтағы Дулат Бекбауов, шынын айтқанда, есеп жағынан жақсы көрінгенімен, оның да бәсекелесі – алжирлік Абденасер Бенларабиден басымдығы Санжардың шамасынан артық бола қоймады. Бұл жекпе-жек те сүреңсіздеу өтті. Раундтар төрешілердің бағалауымен 4:1, 5:0, 4:1 болып аяқталды. Бірақ Дулаттан біз қарқынды да қуатты шабуылды көре алған жоқпыз. Оның қарсыласы да жеңілгенін мойындамай тұрды.

Жартылай финалда жолы болмаған Тұрсынбай Құлахмет (80 кг) бұл жолы қытайлық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен шайқасты. Ол 3:2 есебімен Жөңге елінің атынан келген қандасымыздың пайдасына шешілді.

Финалдық жекпе-жекте біздің екі жігіт те үндістандық былғары қолғап шеберлерімен айқасады. Атап айтқанда, Санжар – Амит Амитпен, Дулат болса, Пажат Пажатпен алтын медальды сарапқа салады.

Сонымен, бүгін ойналатын финалдық шайқасқа 13 салмақ дәрежесі бойынша мына елдердің мұншама боксшылары қатысады:

Өзбекстан – 7, Болгария – 5, Үндістан – 4, Украина – 2, Қазақстан – 2, Тәжікстан – 1, Сакартвело – 1, Алжир – 1, Қытай – 1, Грекия – 1, Қырғызстан – 1.

Техникалық мәліметтер

Жартылай финал. 10 ақпан. 48 кг. Анварджан Ходжаев (Қырғызстан) – Сахил Ахвердов (Сакартвело) 5:0, Барун Сингх Шаголшен (Үндістан) – Камел Хеноусси (Алжир) 5:0. 51 кг. Амит Амит (Үндістан) – Самет Гумуш (Түркия) 5:0, Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) – Асилбек Жалолов (Өзбекстан) 3:2. 54 кг. Хужаназар Нортоджиев (Өзбекстан) – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) WO., Ясен Радев (Болгария) – Билал Беннама (Франция) 3:2. 57 кг. Шахзод Музафаров (Өзбекстан) – Енкх-Амар Хархуу (Моңғолия) 5:0, Сачин Сачин (Үндістан) – Айдер Абдураимов (Украина) 4:1. 60 кг. Асрор Вохидов (Тәжікстан) – Дилшод Абдумуродов (Өзбекстан) 3:2, Абдумалик Халоков (Өзбекстан) – Артур Сахакян (Армеиия) 5:0. 63,5 кг. Радослав Росенов (Болгария) – Али Хабибнезхад (Иран) 4:1, Адхам Мухиддинов (Өзбекстан) – Ярослав Харциз (Украина) 3:2. 67 кг. Пажат Пажат (Үндістан) – Лаша Гурули (Сакартвело) WO., Дулат Бекбауов (Қазақстан) – Абденасер Бенлараби (Алжир) 4:0. 71 кг. Мохамед Махелоуф (Алжир) – Мослем Магсоуди (Иран) 3:2, Икболжон Холдаров (Өзбекстан) – Акаш Акаш (Үндістан) 3:2. 75 кг. Уильям Чолов (Болгария) – Абдероуф Газли Ахмед (Алжир) 5:0, Жавохир Имматалиев (Өзбекстан) – Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан) 3:2. 80 кг. Кристиан Николов (Болгария) – Мохамед Хоуари (Алжир) RSC1, Тоқтарбек Таңатқан (Қытай) – Тұрсынбай Құлахмет (Қазақстан) 3:2. 86 кг. Богдан Толмачев (Украина) – Арнас Казакевичюс (Литва) 3:2, Павло Мичковский (Украина) – Самандар Жалолов (Өзбекстан) 3:2. 92 кг. Ваган Наницанян (Грекия) – Марлей Джек (Ирландия) КО 3, Георгий Кушиташвили (Сакартвело) – Навин Навин (Үндістан) RSC1. +92 кг. Йордан Норежон (Болгария) – Василий Ткачук (Украина) 5:0, Жахонгир Зокиров (Өзбекстан) – Николоз Бегадзе (Сакарткело) KO 3.

Суретте: Дулат Бекбаевтың жеңісі жарияланар қарсаңында

Таңбалар: боксжартылай финалСтранджа турнирі

Ұқсас мақалалар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі
Жаңалықтар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

16.10.2026
«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?
Жаңалықтар

«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

06.10.2026
Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді
Жаңалықтар

Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді

02.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist