17 Қазан, 18:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бозымбаев шынымен «Жаңа Қазақстан» Үкіметінің тізгінін ұстамақшы ма?

30 Қаңтар 2024 21:07
- Жаңалықтар, Қоғам
Бозымбаев шынымен «Жаңа Қазақстан» Үкіметінің тізгінін ұстамақшы ма?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 30 қаңтар. Соңғы кездері жақында тарайды-мыс делініп жүрген Үкіметтің басшылығы тұғырына Қанат Бозымбаев келеді-міс деген әңгіме жиі естіле бастады. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ал Әлихан Смайылов бастаған Үкіметтің тарайтыны жайлы қауесеттің желдей есіп жүргеніне біраз болған. Расында кезінде статистика саласын да көктете қоймаған Премьер-министрдің қазіргі жұмысына көңілі толмайтындар өте көп. Мұндайлардың қарасы уақыт ұзаған сайын көбейе түспесе, азая қоятын түрі көрінбейді.

Әлихан Смайылов Үкімет басына бұдан екі жыл алдын орын алған Қаңтар қырғынан кейінгі кадр тапшылығы тұсында келіп қалды. «Кітапханамен» өте тығыз байланысы бар болғанына қарамастан оның бұлай алғауы биік ақордаға ақбоз аттың үстімен шауып кіргеніне көп адам аса түсінбей-ақ қойды. Құдайлығына келсек, ол осы екі жылда Мемлекет басшысының  өзіне берген зор сенімін ақтай алған жоқ. Оған қарапайым халық та, Парламент депутаттары да риза емес.

«Осы тұста кейбір инсайдерлер «саясатта салмағы жағынан «ауыр» Қанат Бозымбаевтың мансап шырағы әлі сөне қойған жоқ» деген пікірді ортаға салды» деп жазды Dalanews.kz өзінің шолуында. Портал көптен бері көрінбей кеткен Бозымбаевтың қазіргі күндері Премьер-министрдің тағына қона қалу процесіне дайындық үстінде екенін күлтелетпей айтты.

Тоқтала кетуді қалайтын бір жайт: Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысының әкімі болып тұрған Қанат Бозымбаев жұрттың жаппай наласына ұшырайтындай кепті кешті. Сол кезде облыс орталығы –Талдықорған қаласы шерушілерге лық толды. Осы халықпен алаңда кездескен аймақ басшысының көмейінен кенет орыстың бір ауыз боқтық сөзі шығып кетті. Ол заматында тікелей эфир арқылы тарады. Осыдан кейін оның ел алдындағы беделі бір пәсте-ақ «беш тиын» болды да қалды. Былайша айтқанда, абайсызда «аузымен авария» жасап алды. Артынша өзі де әкім деген қызметімен қоштасты.

Ақиқатын айтқанда, біраздан бері Президенттің кеңесшісі деген лауазымның құлағын ұстап отырған Қанат Бозымбаев Энергетика министрі, Павлодар және Алматы облыстарынің әкімі қызметін жұрт күткендей жүйелі басқара алмаса да, қазір Үкімет құрамындағы мықты мемлекеттік басқарушылардың бірі саналып жүр.

Портал осы ретте Қанат Бозымбаевтың Президент секілді жалайыр тайпасынан екені көп нәрсені келеңсіз шешіп жіберуге себеп болуы мүмкін екенін де өздеріне белгілі инсайдерлердің аузымен жеткізеді.

«Сондықтан да Бозымбаевтың ішкі саясатты жетік білуі мен мол тәжірибесі басымдыққа ие болып, еліміздің жаңа Премьер-министрі қызметін атқаруына мүмкіндік сыйлауы да мүмкін ғой», – деп тұжырымдайды сайт соңынан.

Таңбалар: Қанат Бозымбаевүкіметүміткер

Ұқсас мақалалар

Ағат пікірге – адаспас ақиқат
Жаңалықтар

Үкімет құрамы жасақталып бітті: кейбір салаларда министрлер ауысты

03.09.2026
Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауынан кейін брифинг берді
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

23.08.2026
Қазақстанда қазақ тіліндегі сапалы контентке сұраныс қарқынды өсіп келеді
Жаңалықтар

Қазақстанда қазақ тіліндегі сапалы контентке сұраныс қарқынды өсіп келеді

17.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist