25 Тамыз, 08:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Швейцария саммитіне қатысушылар Украинаның тұтастығын сақтауды талап етті

16 Маусым 2024 23:30
- Әлеумет, Жаңалықтар
Швейцария саммитіне қатысушылар Украинаның тұтастығын сақтауды талап етті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЖЕНЕВА. 16 маусым. Швейцарияда өткен бейбітшілік саммитіне қатысушылар Украинаның  территориялық тұтастығын қалпына келтіру жөнінде қарар қабылдады. Бұл туралы The Moscow Nes ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украина президентінің сайтында Швейцарияда өткен Украина жөніндегі бейбітшілік саммитінің қорытынды коммюникесі жарияланды. Құжаттың мәтініне сай, шараға қатысушылар өздерінің кез келген мемлекеттің, – соның ішінде Украинаның да, –  халықаралық деңгейде мойындалған шекарасы шеңберінде тұтастығын сақтау, сондай-ақ жанжалды бейбітшілік жолымен шешу қағидаттарын ұстанатындарын растады.

«Ресей Федерациясының Украинаға қарсы соғысы адамдарды кең ауқымда азаптаулар мен қиратындылар, сондай-ақ бүкіл әлем үшін орасан зор зардапты тәуекелдер мен дағдарыстар әкелуді жалғастырып жатыр», – делінген коммюникеде.

Бұған қоса, қол қоюшылар БҰҰ-ның мемлекеттер кез-келген елдің тұтастығына қол сұғудан немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолданудан бас тартуға міндетті, ал күш қолдану қаупі арқылы тартып алынған аумақтар заңды деп танылмауға тиіс екені атап көрсетілген декларацияларына ықтияр екендерін білдірді.

Декларацияда бұдан бөлек, саммиттің мұның алдындағы Украина әзірлеген формула мен басқа да бейбітшілік жөніндегі ұсыныстар, соның ішінде БҰҰ жарғысы негізінде жүргізілген талқылаулар қағидаттарына құрылғаны атап көрсетіледі.

Шараға қатысушылар осыған орай бірнеше аспект бойынша өз шешімін шығарды. Оларда Запорожье ГЭС-і Украина мен МАГАТЭ-нің бақылауына көшуі керектігі, азық-түлік қауіпсіздігі соғыс мақсатына пайдаланылмауы тиістілігі, ал украин ауыл шаруашылығы өнімдері мүдделі үшінші елдерге шығарылуы қажеттігі, соғыс тұтқындары «барлығы – барлығына» қағидаты бойынша алмастырылуы, сондай-ақ заңсыз әкетілген барлық азаматтық тұлғалар, соның ішінде балалар түгел Украинаға қайтарылуы тиістілігі қарастырылады.

Алайда декларацияға Володимир Зеленьскийдің Ресей әскерлерін Украина территориясынан шығару жөніндегі бейбітшілік формуласының тармақтары енбей қалған.

Құжатқа қол қойған мемлекеттер мен ұйымдар бейбітшілікке қол жеткізудің барлық тараптардың қатысып, диалог жүргізулері арқылы жүзеге асырылуы қажеттігін талап ететін атап көрсетті.

Украина жөніндегі бейбітшілік саммитінің қорытынды коммюникесіне 80 мемлекет пен 4 ұйым қол қойды. Шараға барлығы 92 ел мен 8 үкіметаралық ұйым қатысты.

Құжатқа қол қоюдан бас тартқан 12 дәулет қатарында Ауқымды Оңтүстік және БРИКС елдері – Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Африка, Сауд Арабиясы бар. Бразилия саммитке тек бақылаушы жіберіпті, ол құжатқа қол қоймады, ал Қытай шараға қатысуды мүлде жөн көрмеді.

Декларацияға АҚШ, Ұлыбритания, Еуроодақ елдері, соның ішінде Мажарстан, Швейцария, Түркия, Сербия, тағы басқалары қол қойды.

Таңбалар: бейбітшіліксаммитУкраинаШвейцария

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist