25 Тамыз, 18:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сатиралық әңгімелер

29 Наурыз 2026 19:20
- Қазына
Сатиралық әңгімелер
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Дәуірлік «дирижер»

– Құрдас, өз басым, иншалла, қазіргі имамдық қызметіме ризамын. Пайғамбар жасына келдік, соңғы он жылда бұратола молдалыққа мойын бұрғанымыз ақылдылық болды.

– Айтпа! Е, оған дейін кім болмадық.

– Кеңес заманы кезінде кеңседе күніміз өтті… Осы сен компартияға ерте өттің, ә?

– Е, трәктірді тыр-тырлатып жүргенімде өткізіп кеп жіберген.

– Бізді қойшы, ана Пықыптың жолы болғыш… Өзі не бітіріп еді?

– Мамандығым кинолог дейтін… Мектепте директор болып жүргенінде, бірде қызып алып маған «мамандығым мұғалімдікке үш қайнаса сорпасы қосылмайды» деп сыбырлап айтып, кеңкілдеп кеп күлген… Сәл-пәл біледі-ау дегендерден «кинологын» сұрап көріп едім, көбі білмейді, ана қиқар Қилыбай «ит төңірегі» деген соң қоя қойғанмын.

– Пәлекет қашанда ат үстінде. Тәуелсіздік орнаған жылы үлкен бір театрға директор да болды-ау. Сол кезде репетиция жасап жатқан әртістеріне: «Қалай, тренировка өз дәрежесінде ме?» деген сөзін ел-жұрты «мәтелге» айналдырып алды емес пе!

– Ол маған бірде: «Ең төменгі қызметім дирижерлік болды… Бірде-бір аспапта ойнап көрмесем де, отыз адамдық «группаға» дирижерлік еттім» деген.

– Ит-ай-ә, «группа» деді ме…

– Бірде газетте бас редактормын дейді… Таңырқаған маған: «Бас редакторға мақала жазу міндет емес. Орынбасарларың оңды болса болды» деді. Сол жылы тиология ғылымына ден қоюдамын. Арап ғарпін үйреніп жүрмін деген… ,

– Ол да құрдас, Пайғамбар жасына да келді. Соңғы кезде қайда еді?

– Облыстық университетте басшы деп естігенмін. Оған дейін онкологиялық аурухананың директоры болған. Бірнеше ауруды жазыласыз деп жаза басып, одан әрең-пәрең алғанын артығымен беріп жатып кұтылып әйтеуір аман қалыпты.

– Ойпыр-ай-ә: театр директоры, бас редактор, бас дәрігер, ректор!.. Нағыз дәуірлік «дирижер».

– Тұра тұр! Орталықтан күтіп отырған өкіл-имам бала облысымызға болатын бас имамды ертіп кірді… Өй, мынау өзіміздің Пықекең ғой!..

– Бәрекелді! Пықыптың айналып келіп өзімізге «дирижерлікке» келгені дұрыс болды!..

 

Иіні ірі йога

Жерүйдегі көршіммен өте сирек кездесіп қауқылдасатынымыз бар. Өзі дөй жерде, үкіметте қызмет істейді. Көп көріне де бермейді. Ал кейде ауласында кәуәп пісіріп шала бүлінгенінде ымдап мені де шақырып алады.

Бірде пісіргенінен ауыз тиіп отырып: «Жаңа үкімет басшысы қалай екен?» деп қалдым.

– Пәлекет футбол десе ішкен асын жерге қояды екен. Өзі де мығым, қолы қалт етсе болды, футбол алаңынан табылады. Ақ тер, көк тер діңкелегенше доп тебуден жалықпайды… «Бастығың соқыр болс,а бір көзіңді қысып отыр» деген, бізде ала доп қуып алашапқын болудамыз, – деді.

Содан ауласында ала доп көбейіп, шағын қақпа да пайда болып, өзі де нағыз футболшының формасын киіп алып, күнде таңертең арсалаңдап тарғыл допты тебеді де жатады.

Бірде үкімет басшысы ауысқан күннің ертесінде көршім доп тебуін күрт қойып, дамыл тапты.

Көп өтпей көршімнің ауласы астан-кестең болды да қалды. Баяғы доп қақпасы сыпырылып, ол алаң тақтайдай тегістеліп, екі-үш күннің көлемінде мұнда теннистің алаңы орнап шыға келді… Сөйтсек, жаңа тағайындалған басшысының кіндігі тенниспен бірге жаратылған екен… Бұрынғы бұрынғы ма, бұл басшысы күніне екі мәрте шұғыл жинап шар ұрғылап, шиыршық атқызбаса, ішкені бойына тарамайтын көрінеді.

Көршім көбіне мені ымдап шақырып, мені қарсыласы етіп құйын-перін жаттығады. «Басекеңмен өстіп жақындасамыз. Тәуір ойыншының қызметте де беделі өседі» деп іш пиғылын айтып та салды.

Көршіммен бір мезгіл теннис ойнап мен де әжептеуір болып қалып едім, бір күнде бұл ермегіміз сап тиылды. Сөйтсем, уақыты келіп үкімет басшысы ауысатын болыпты…

Ауыс-түйіс қыс мезгілінде болған. Көп өтпей көршім аяғына шаңғы байлап шытынап шыға келді… Сөйтсек, жаңа басшы шаңғының шабандозы екен.

Көршім:

– Пәлекетті аяғыма бала кезде аздап байлаған едім, басқа түссе баспақшыл, қайта киюге, ертелі кеш үйренуге тура келді, – деп кейігені бар.

Не керек, балалары сүйемелдеп, атпен сүйретіп жүріп көршім көп өтпей-ақ қатарға қосылып, ызғытып бара жатады.

Біздер Премьер-Министр ауыстырудан әлемде алдыңғы орында емеспіз бе, жаз салым көршім: «Көмегіңіз керек болып тұр» деп күмілжиді. Білсем – жаңа басшысы бұрынғылардың «бұралқы қылығынан» мақұрым, бұның «ермегі» мақала жазып майын тамызу екен. Көршімнің күмілжуін құп алып, мамандығымның бір қажетіне жарағанын місе тұтып, айда кеп көршіме мақала жазудың қыр-сырын үйретейін кеп… Не керек, бекер адам үкіметте істемейді, бір-екі мақаласын бастап та, қырлап-жонып та беріп жүріп көршімнен тәп-тәуір журналист шығарып алдым.

Бұрынғысы бар, бұнысы бар, көршімнің бағы жанып қызметінде әжептеуір жоғарылау болды.

Тұрақсыз дүние, көршімнің келмей кеткенінен үкіметтің тағы да тайғанақтап кеткенін елден бұрын сездім.

Көршімнен хабар-ошар болмай тым-тырыс болып қарасы да көрінбей кеткен соң ауласына аяқ басып үйіне кірсем, көршім аяқ-басы таңулы төсекте жатыр…

Мені ымдап қасына отырғызып, әйтеуір тілге бар екен, мен сұрамай-ақ болған жағдаятты баяндай жөнелді…

Сөйтсем, біздегі үкіметке кімдер келіп, кімдер кетпеген, жаңа басшысы әпербақан «өнер» иесі болып, естімеген елде көп, ол йоганың шебері болып шығыпты. Сөйтіп, бұларға да иіліп-бүгілу, аяғыңды мойныңа асу, басыңды башпайыңа жеткізу «өнері» бұйырыпты.

«Бұйрықты» бұлжытпай орындаймын деп, болмаса да ұқсап бағамын деп, барын сала бүгіліп-иілемін деп көршімнің белі қиралаң кетіп тоңқалаң асыпты…

Артының қайырын берсін деп, не көрмеген бас, жетпегені йога еді, мүмкін алдыда «өнері» бұдан да өтіп кетер «кереметтер» күтіп тұрған шығар деп ойла, өз басым көршімнің келесі үкімет ауысқанша жата тұрып, құлан-таза сауыққан мезгілінде қызметіне қайта шығуын тілеп жүріп жатырмын…

Берік САДЫР

 

Таңбалар: Берік Садырйогасатира

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist