25 Қараша, 11:11
RAST.kz
USD USD 458.28 ₸
EUR EUR 501.45 ₸
RUB RUB 5.59 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресейдің алтыншы миллиардері бұл елдің азаматтығын тастап шықты

2 Желтоқсан 2022 18:59
- Дәулет, Жаңалықтар
Ресейдің алтыншы миллиардері бұл елдің азаматтығын тастап шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 2 желтоқсан. Ресей миллиардері Василий Анисимов РФ азаматтығынан бас тартып, шетелге біржола көшіп кетті. Бұл туралы Forbes хабарлады.

Forbes-тің хабарлауынша, Анисимов Ресейдің азаматтығын өткізгеннен кейін Швейцарияға барып тұрақты қоныс тепкен. Миллиардердің өзі бұл жөнінде Британия тіркеу палатасына құжаттарын өткізді.

Девелоперлік Coalco компаниясының иесі Василий Анисимовтың әл-ауқаты 1,6 млрд долларға бағаланады. Ол Ресейден кеткесін Хорватия азаматтығын алған ол өзінің Degelov UK деген тағы бір компаниясы жұмыс істейтін Ұлыбритания билігіне 28 қыркүйекте осыны хабарлаған. Ал аталып отырған компанияның тағы бір егесі, тең үлескері қазақстандық бизнесмен Александр Яковлевич Клебановтың ұлы Яков Александрович Клебанов екен.

Ал Degelov уран және молибден өндіретін Степногорск тау-химия комбинаты акциясының 40 пайызына ие. Компания Ақмола және Алматы облыстарында молибден, мыс және уран кеніштерін өңдейді.

Degelov 2017 жылы Британияда тіркелген кезде Анисимов РФ-да тұратын Ресей азаматы ретінде атап көрсетілген. Биылғы 12 қазанда ол Путиннің жарлығымен «Отан алдында сіңірген еңбегі» үшін орденінің IV дәрежесімен марапатталды. 1 қазанға дейін Ресей Дзюдо федерациясының президенті болды.

Биыл бұған дейін Ресейдің бес миллиардері өз елдерінің азаматтығынан бас тартып, шетелдерге қоныс аударып кеткен болатын. Бұлардың қатарында Украинада соғыс басталғаннан кейін Ресейден кетіп қалған Freedom Finance инвестициялық компаниясының негізін қалаушы Тимур Турлов, DST Global компаниясының негізін қалаушы және Mail.Ru Group компаниясының бұрынғы қожайыны Юрий Мильнер, Revolut компаниясының негізін қалаушы Николай Сторонский, «Тройка Диалог» компаниясының негізін қалаушы Рубен Варданян және Тинькофф банктің негізін қалаушы Олег Тиньков бар.

«Мен қазір Қазақстанда еркін демалып, тыныстап жүрмін, бұл ел өзінің саясаттағы бейбітшілік сүйгіш және қонақжай қалпымен бұдан да бай, тиімді және әділ мемлекет құра алады», – деп жазды Қазақстан азаматтығын алған Турлов.

«Біз 2014 жылы Қырым Ресейге қосылғаннан кейін отбасымызбен бұл елді біржола тастап шықтық. Тек осы жазда ғана Ресей азаматтығынан шығудың ресми шарасын жасадық», – деп жазды Мильнер.

«Мен Ресей азаматтығынан бас тартып, Арцахқа (мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасы) көшуге шешім қабылдадым. Маған мұндай шешімге келу оңай болған жоқ, бірақ мұның дұрыс екеніне сенімдімін», – деп мәлімдеді Варданян.

«Мен Ресей азаматтығынан шығуға шешім қабылдадым. Бейбіт жатқан көрші елге соғыс бастаған фашистік елмен бұдан әрі астасып кеткім келмейді және олай ете алмаймын», – деп ашығын айтты Тиньков. Ол «Путиннің Ресейін» жек көргенімен, «мынау ессіз соғысқа үзілді-кесілді қарсы болып жүрген» басқа ресейліктердің бәрін жақсы көретінін атап өтті

Таңбалар: Василий АнисимовмиллиардерРесей

Ұқсас мақалалар

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026
ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр
Әлеумет

ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр

06.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.28 ₸
EUR EUR 501.45 ₸
RUB RUB 5.59 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist