26 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресей Қазақстан мұнайын шығаруға салған тыйымын алды

12 Шілде 2022 15:01
- Дәулет, Жаңалықтар
Ресей Қазақстан мұнайын шығаруға салған тыйымын алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 12 шілде. Ресей билігі мұнай эскпортына қатысты талас-тартыстан кейін Қазақстанға жол беруге шешім қабылдады. Бұл туралы Times Moskow News хабарлады.

Кремль мұндай қадамға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұйықтан шығудың шұғыл жолын іздеп, америкалықтарға жүгінгісі келгеннен кейін амалсыз барды.

Соның алдында қазақ елінің лидері Санкт-Петербургте өткен экономикалық жиында, Путиннің дәл қасында тұрып, ДХР және ЛХР деген сепаратистік сипаттағы қолдан жасалған құрылымдарды мойындамайтынын мәлімдеген еді.

Тоқаев өзінің Еуроодақпен қарым-қатынасын дамыта түсу жоспары бар екенін айтып, Еуропа елдеріне ресейлік көміртегі орнына Қазақстандыкін алуды ұсынған болатын.

Осыдан кейін Қазақстанның шетелге шығаратын мұнайының 80 пайызын жіберіп тұратын Новроссийскідегі порт Каспий құбыр концерні (КТК) терминалының жұмыс істеуін тоқтатты. Мұны ол сот жолымен шешті. Алайда, оны қайта қараған Краснодар өлкелік соты бұл тыйымды алып тастады.

Алдымен 6 шілде күні терминал 30 күнге тоқтатылды. Мұны Роснадзор қазақстандық КТК-ның экологиялық жағынан тәртіп бұзып отырғанымен байланыстырды.

Бұған жауап ретінде Тоқаев Қазақстан үкіметіне Ресейді айналып өтетін маршруттар табу үшін Теңіз кен орнының ең ірі инвесторлары болып табылатын америкалық Chevron (50%) және ExxonMobil (25%) компанияларын жобаға тарту жөнінде тапсырма берген еді.

Осы әрекет Ресей билігін қалт тоқтатты. Сот Қазақстан тарапының Ространснадзордың экологиялық шағымы 200 мың рубль айып салумен ғана шешілетін нәрсе екенін алға тартқан тұжырымымен келісіп, тыйымды алып тастады.

Қазақстан мұнай өндіру көлемі жағынан әлемде 11-орын алады. Оның мұнайын көбірек сатып алатын елдер қатарында Италия (17,9 млн тонн), Нидерланд (8,2 млн тонн) және Франция (4,5 млн тонн) бар.

Таңбалар: КТКмұнайРесейсот

Ұқсас мақалалар

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды
Жаңалықтар

Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды

11.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist