26 Тамыз, 20:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресейлік медиа леди Канделаки енді қырғыздарды русофиямен айыптады

20 Шілде 2024 21:28
- Жаңалықтар, Руханият
Ресейлік медиа леди Канделаки енді қырғыздарды русофиямен айыптады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БІШКЕК. 20 шілде. Ресейлік тегі грузин медиа-менеджер Тина Канделаки енді Бішкекте генерал Панфиловтың музейі бұзылатынына байланысты дау шығарып, жала жапты. Бұл туралы The Insider ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей билігінің «асыранды» насихатшысы өз қожайындарына жағынып, жақсы көріну үшін тағы тырнақ астынан кір іздеп, онсыз да әбден тозығы жеткендіктен қиратылғалы жатқан ғимаратты жай сылтау ретінде алға тартты.

Бішкек өз кезегінде генерал Панфиловтың жауынгерлік даңқ мұражайы ғимаратының бұзылуына байланысты Қырғызстан билігін руссофоб деп айыптаған медиа-менеджер мәлімдемесіне жауап қайтарды.

«Қырғыз Республикасы – егемен мемлекет. Билік қабылдаған шешімдер қырғыз халқының мүдделеріне негізделеді. Қырғызстан мен Ресей арасындағы екі жақты қарым-қатынасқа нұқсан келтіруі мүмкін тұлғалардың сөздері қабылданбайды және біздің қарым-қатынасымыздың негізінде жатқан өзара түсіністік пен құрмет рухына қайшы келеді», – деді сенбіде Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің басшысы Дайырбек Орынбеков.

Айта кетейік, 17 шілдеде Канделаки өзінің Telegram-арнасында Бішкектегі генерал Панфиловтың Бішкектегі жауынгерлік даңқ мұражайының бұзылғалы жатқаны жайды жазба жариялаған болатын. «Апаттық жағдайдағы ғимаратты сақтап қалудың мүмкіндігі болды, бірақ ондай мақсатта ештеңе жасалмады. Мәскеуді өле-өлгенше қорғап қалған дивизияның ерлігін есте сақтау Қырғызстан үшін керек болмай қалыпты, батыстағы кеңесшілердің шешімі осындай болыпты. Мұнда русофобия үшін әлдеқашан негіз қаланып қойылған», – деп жазды тележүргізуші елде жұмыс істейтін америкалық қорларды арандатушылық жасады дегенді меңзеп.

Орынбеков бұған жауап ретінде мұражайды бұзу туралы шешімнің техникалық қорытындыға сәйкес жағдай мұқият тексерілгеннен кейін қабылданғанын атап өтті.

Ол Қырғызстанның егемен мемлекет екенін және онда орыс тілі ресми болып табылатынын, сондай-ақ билік қабылдаған шешімдер көп ұлтты халықтың мүдделеріне негізделетінін атап өтті.

Kaktus.media атап көрсеткендей, Қырғызстан мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі бұған дейін мұражай ғимаратының сейсмикалық төзімді емес екені және оны бұзу керектігі 2015 жылы-ақ белгілі болғанын мәлімдеген еді. Ал 2024 жылдың ақпан айында мұнда өрт шығып, ғимарат жарамсыз болып қалған екен.

Тина Канделаки – Сакартвелода туып-өскен картвель қызы. Ол 2022 жылдан бері Ресейдің ТНТ телеарнасын басқарып келеді.

Таңбалар: ҚырғызстанПанфилов музейіТина Канделаки

Ұқсас мақалалар

Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды
Жаңалықтар

Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды

03.06.2026
Қырғызстан Ресеймен сауда жасайтын ондаған компанияны жапты
Әлеумет

Қырғызстан Ресеймен сауда жасайтын ондаған компанияны жапты

22.05.2026
Ресей қырғыз оқулықтарынан «отар» сөзін алып тастауды бұйырды
Жаңалықтар

Ресей қырғыз оқулықтарынан «отар» сөзін алып тастауды бұйырды

19.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist