МӘСКЕУ. 27 қараша. Кремль қазір Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) Иран дәулетін қосуға қатты ынталылық жағдайына жетіп отыр. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Иранға серіктес мәртебесін беруге ниетті», деп хабарлады ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев ТАСС агенттігіне берген сұхбатында. Ол 9 қазанда Түрікменстанда өткен саммитте Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан сөз еткен «ТМД+» форматы аясындағы өзара іс-қимыл туралы айтылып отырғанын нақтылады. «Бұл мәселе, әрине, ТМД-дағы көптеген елдердің қызығушылығын тудырды. Менің сезуімше, бағалар негізінен оң», – деді Лебедев. Оның айтуынша, оң шешім қабылданған жағдайда Иран мұндай мәртебеге ие болған алғашқы мемлекет болады.
Пезешкиан «ТМД+» форматы өңірлік ынтымақтастықты кеңейтуге және сауданы, инвестицияларды, технологияларды, пайдалы қазбаларды өндіруді, көлік инфрақұрылымын және басқа да салаларды дамыту үшін ортақ мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын. Соның ішінде Иран президенті ортақ энергетикалық желі құруды ұсынды, оның көмегімен «ТМД+» елдері нарықтан бір-бірін ығыстырудың орнына мұнай, газ және электр энергиясын өндіру мен жеткізуді үйлестіре алар еді. Пезешкиан сондай-ақ санкциялар жағдайында сауданы қолдауға көмектесетін есеп айырысу және бартерлік тетіктерді дамытуды қолдады.
Бұдан бөлек, ол Түрікменстан БҰҰ Бас Ассамблеясында құру туралы бастама көтерген Каспий арқылы Орталық Азиядан Оңтүстік Азия мен Еуропаға өтетін көлік дәлізі үшін Иран инфрақұрылымын іске қосуды ұсынды. «Солтүстік – Оңтүстік» және «Шығыс – Батыс» дәліздері бір-бірімен бәсекелеспей, керісінше толықтырып отыруы тиіс, деп атап көрсетті Пезешкиан.
«ТМД+» форматы 2025 жылдың қазан айында Қазақстанның бастамасымен құрылған болатын.
Иран қазірдің өзінде басқа да өңірлік интеграциялық бірлестіктерге қатысады. Республика Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мен БРИКС-ке кіреді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақпен экономикалық байланыстарды дамытуда. 2025 жылы Тегеран мен ЕАЭО арасында тауар номенклатурасының 90%-ға жуығын қамтитын еркін сауда туралы келісім күшіне енді.
Ал ТМД-ның ең басында Кеңес Одағы құрамынан шыққан егемен елдердің басын қосу үшін құрылғаны белгілі.
USD




