17 Қазан, 20:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада «Мөлдір бұлақ» акциясы ерекше екпін еркімен өтті

23 Наурыз 2026 18:51
- Жаңалықтар, Қайнар
Қызылордада «Мөлдір бұлақ» акциясы ерекше екпін еркімен өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 23 наурыз. Бүгін Қызылордада «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы орын алды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері және экобелсенділер қатысты. Ол «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Іс-шара алдында қаладағы бұлақтар мен жағалау аумақтары тазартылып, оған 16 мыңнан астам адам атсалысты. Нәтижесінде 425 тоннадан астам тұрмыстық қалдық тар сыртқа шығарылды. Сонымен қатар, 140-тан аса арнайы техника жұмылдырылып, жұмыстың сапалы әрі жедел орындалуына мүмкіндік жасалды.

Өңірдің барлық ауданында осындай жанды жұмыстар жүргізілді. Осы күні қалада Сырдария өзенінің жағалауы, Арал ауданындағы «Ақеспеде», Жаңақорған ауданындағы «Қайнарбұлақта» табиғи су көздері тазартылып, маңы абаттандырылды.

Жалпы бұлақтар су ресурстары тапшы аймақтар үшін баламалы су көзі ретінде ерекше маңызға ие. Осындай игі бастамалар табиғатты қорғаудағы ортақ жауапкершілікті арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға сүбелі үлес қосады.

Айта кету керек, аймақта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық, абаттандыру, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында кешенді жұмыс атқарылуда.

Бюджет қаражатынан бөлек, кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен  демалыс орындары, балалар ойын және спорт алаңдары, қоғамдық кеңістіктер кезең-кезеңімен қайта жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар заманауи талаптарға сай жөндеуден өткізілуде.

Соңғы жылдары бюджет және демеушілік қаражаты есебінен Қызылорда қаласындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс паркі және Қорқыт ата сквері қайта жаңғыртылып, тұрғындар игілігіне берілді. Сонымен қатар, жуырда Президент саябағы қайта салынып ашылды.

Ауылда қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру және тұрғындарды тазалық мәдениетіне ынталандыру мақсатында жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы ұйымдастырылып келеді. Аталған жобаға соңғы үш жылда 2 млрд 64 млн теңге бөлініп, үздік деп танылған елді мекендерге 67 арнайы техника табысталды.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді басқару, сұрыптау, өңдеу және кәдеге жаратуда «Жасыл даму» АҚ қаржыландыруымен 9 жоба қолға алынған.

Жаңақорған ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешені толық қаржыландырылып, қажетті құрал-жабдықтары жеткізілді. Қазір нысанды іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Қалған 8 жобаны «Өнеркәсіпті дамыту қоры» сараптамадан өткізіп, қаржыландыру үшін тиісті келісім-шарттар жасалуда.

Бұдан бөлек, облыстық бюджет есебінен 475 млн теңгеге Сырдария ауданында сұрыптау кешені бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынып, іске қосылды.

Таңбалар: акцияҚызылордаМөлдір бұлақ

Ұқсас мақалалар

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді
Әлеумет

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

10.10.2026
Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist