19 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада мәдениет саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

23 Мамыр 2026 15:37
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылордада мәдениет саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 23 мамыр. Қызылордада мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Сыр бойының бас қаласындағы «Өнер орталығында» облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиында сала ардагерлері, өнер майталмандары және зиялы қауым өкілдері бас қосты.

Халқымыздың рухани мұрасын сақтап, ертеңге сабақтастыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Елдігіміздің руханият байрағын көтерген мәдениет және өнер қызметкерлері Қорқыт ата мұрасын, жыраулар жәдігерін, таланттар тарихын жалғап, халық қошеметіне бөленіп келеді.

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысан салынды. Оның 22-сі – мәдениет нысаны. Атап айтқанда, барлық ауданда «Руханият орталықтары» бой көтерсе, Қызылордада «Өнер орталығы», «Анаға тағзым» және «Отбасы орталығы» ел игілігіне қызмет етуде. Тарихи-өлкетану музейінің, «Достық үйінің» жаңа ғимараттары ашылды. Балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында «Оқушылар сарайы» мен «Сыр жұлдыздары» академиясы іске қосылды.

Бүгінде Қызылордада Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес жаңа драма театр мен Президенттік кітапхана құрылысы жүріп жатыр.

Салаға биылдың өзінде 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Мұрат Ергешбаев өз сөзінде мәдениет пен руханияттың қоғам өміріндегі айрықша маңызын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі» деген болатын.Елдің рухани тірегін нықтап, ұлттың ұлы мұрасын сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген барша мәдениет қызметкерлеріне Сыр жұртшылығы атынан шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Мерекелік шарада саладағы аса үздік жетістіктері және елге сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар азамат «Құрмет» орденімен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерімен, Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен қатар сала мамандарына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың Алғыс хаты беріліп, олардың ел мәдениетінің өркендеуі жолындағы еңбегі жоғары бағаланды.

Сыр елінің рухани-мәдени дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматқа облыстың Құрмет грамотасы және облыс әкімінің Алғыс хаты тапсырылды. Әдебиет пен өнер саласында ерекше қолтаңбасымен танылған шығармашылық өкілдеріне жыл сайын берілетін облыс әкімінің дәстүрлі «Тұран» сыйлығына биыл 19 адам ие болды.

Кәсіби мерекеде сахнада Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, «Томирис» би, «Қорқыт сазы» қобызшылар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қыздар вокалды ансамбльдері, Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжінің баянистері, Қаракөз Ақдәулетова атындағы балалар студиясы және «Сыр сандуғаштары» балалар вокалды тобы, камералық хор ұжымы, классикалық әндер шеруімен Еуропаның талғампаз көрерменінің ыстық ықыласына бөленген әншілер өнер көрсетті.

Іс-шара барысында қатысушылар арнайы ұйымдастырылған көрмені аралап көрді. Көрмеге өңірдің рухани-мәдени болмысын танытатын құнды экспонаттар, қолөнер шеберлерінің туындылары, тарихи жәдігерлер және жергілікті өнерпаздардың шығармашылық жұмыстары қойылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Таңбалар: Қызылордамарапатмәдениет

Ұқсас мақалалар

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді
Әлеумет

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

10.10.2026
Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist