17 Қазан, 21:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада Конституцияны қолдайтын өңірлік коалиция құрылды

13 Ақпан 2026 23:05
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылордада Конституцияны қолдайтын өңірлік коалиция құрылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 13 ақпан. Бүгін Қызылорадада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясы қатарға қосылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осыған орай жалпыұлттық коалицияның бастамасы аясында құрылған өңірлік коалицияның бүгін алғашқы отырысы өтті. Оған саяси партиялардың өңірлік филиалдары төрағалары, қоғамдық ұйымдар, зиялы қауым, мәслихат депутаттары, сарапшылар, қоғам белсенділері, азаматтық сектор мен жастар  өкілдері және Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшелері қатысты.

Отырыста сөз алғандар жаңа Конституция жобасы қуатты әрі әділетті Қазақстанды қалыптастырудың берік негізі болатынын, сондай-ақ саяси жүйенің құрылымын қоғамның заманауи талаптарына сәйкес түбегейлі жаңартатынын атап өтті.

«Жаңа Конституция жобасы – елдегі саяси жаңғырулардың заңды әрі кезең-кезеңімен жүзеге асып келе жатқан реформалардың жалғасы. Бұл құжат мемлекеттілікті нығайтып қана қоймай, билік пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтеді, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне белсенді араласуына жол ашады. Негізгі құндылық – адам және оның құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан Ата Заң халықтың мүддесіне қызмет ететін, әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыруға бағытталған нақты әрі тиімді тетіктерді қамтуы тиіс. Сонымен қатар, Конституциялық өзгерістер заң үстемдігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға, қоғамдағы сенім мәдениетін орнықтыруға негіз болады. Бұл бастамалар ел бірлігін бекемдеп, әлеуметтік тұрақтылық пен орнықты дамуға берік негіз қалайды. Біздің басты міндетіміз – осы өзгерістердің мәні мен маңызын өңір тұрғындарына жан-жақты түсіндіріп, олардың пікірін ескеру арқылы қоғамдық диалогты күшейту», – деді «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыстық Коалиция жетекшісінің орынбасары Жандос Базартай.

Жиын барысында Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі, Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы, облыстық коалиция төрағасының орынбасары Мұрат Тілеумбетов, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Сандыбаев, «Ауыл» партиясы Қызылорда облыстық филиалының аппарат басшысы Динара Ибадуллаева, «Respublica» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Дәурен Сейтжанов, «Қазақстан Халық партиясы» Қызылорда облыстық филиалының мүшесі Талғат Телеубаев, зиялы қауым және азаматтық сектор өкілдері пікір білдіріп, жаңа Конституция жобасы елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуге, кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыруға, ғылым мен мәдениетті және ұлттық құндылықтарды өркендетуге бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттармен толық үндесетінін атап өтті.

Сондай-ақ, елдің институционалдық тұрғыдан жаңа сапалық кезеңге қадам басқаны айтылды. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты іс жүзінде бекіп, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік нығая түсті. Конституциялық бақылау тетіктері жетілдіріліп, заңсыз иемденген активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде, ұлттық ресурстарды әділ бөлу ұстанымы күшейтілуде. Барлық шешімдер әділдік, теңдік және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік қағидаттарына сүйенетіні ерекше аталды.

Қатысушылардың айтуынша, жаңа Негізгі заң қоғамдағы терең өзгерістерге, дүниетанымы жаңарған әрі мемлекетке жоғары талап қоятын жаңа буынның сұранысына жауап ретінде қабылдануда. Бұл үміттердің түп-төркіні – адалдық, заң үстемдігі, адам қадір-қасиетін құрметтеу және құқықтарға берік кепілдік орнату. Жаңа Конституция дәл осы қоғамдық қажеттіліктерге нақты әрі мазмұнды жауап береді.

Айта кету қажет, қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарын ортақ құндылықтар төңірегіне топтастырып, ел дамуының жаңа кезеңіне бірлесе қадам басуды мақсат еткен Жалпыұлттық коалиция – кең ауқымды қоғамдық алаңға айналды. Оның құрамына елдегі бес жетекші саяси партиямен қатар, мыңдаған азаматтың мүддесін білдіретін 300-ден астам қоғамдық ұйым енді. Бұл – бастаманың кең қоғамдық қолдауға ие екенін көрсететін маңызды көрсеткіш. Осының жалғасы ретінде облыста саяси партиялардың өңірлік филиалдары мен қоғамдық ұйымдар жалпы құрамы 349 азаматтан тұратын  аймақтық және аумақтық коалициялар құрылды. Олардың жанында белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған 200-ден аса Еріктілер қызмет атқарады. Коалицияның алдағы кезеңге арналған 695 іс-шарадан тұратын кешенді жұмыс жоспары әзірленген. Жоспар аясында тұрғындармен кездесулер, түсіндіру жұмыстары, қоғамдық талқылаулар және ашық диалог алаңдары ұйымдастырылады. Бұл форматтар арқылы өңір жұртшылығына жаңа Конституция жобасында ұсынылған өзгерістер жан-жақты түсіндіріліп, азаматтардың пікірін тыңдауға және ашық ой алмасуға басымдық берілмек.

Таңбалар: коалицияконституцияҚызылорда

Ұқсас мақалалар

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді
Әлеумет

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

10.10.2026
Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist