18 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада конституциялық реформаларға арналған кездесу өтті

2 Ақпан 2026 19:25
- Жаңалықтар, Қайнар
Қызылордада конституциялық реформаларға арналған кездесу өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 2 ақпан. Қызылордада облыстық мәслихат төрағасы конституциялық реформаларға арналған кездесу өткізді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов жүргізген жиынға облыстық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат төрағалары мен депутаттары қатысты.

Басқосуды ашқан мәслихат төрағасы ел өміріндегі жаңа, үшінші Конституцияның мән-маңызына тоқталып, қоғам мен мемлекет үшін қаншалықты маңызды жақтарын атап өтті.

«Бастапқыда парламенттік реформа аясында Ата Заңның шамамен 40 бабына өзгерістер енгізу көзделгенімен, талқылау барысында реформаның ауқымы әлдеқайда кең екені айқындалды. Конституцияда Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, бірлік пен келісім, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітіліп, білім мен ғылымға, адами капиталға, цифрландыруға айрықша мән берілген. Отбасы институты, неке, әйелдердің құқықтары, зайырлы мемлекет қағидаттары Ата Заң деңгейінде қорғалып, азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтары алғаш рет нақты айқындалды. Сонымен қатар, жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылуы, Халық кеңесі мен вице-президент институтының енгізілуі халық пен билік арасындағы байланысты күшейтіп, «Еститін мемлекет» қағидатын іске асыруға жол ашады», – деді Мұрат Тілеуімбетов.

«Сондықтан Президентіміздің бастамасымен қолға алынған Саяси-конституциялық реформа ел дамуының жаңа тарихи кезеңінің бастауы болады деп сенеміз» дегенлі қосты ол бұған.

Жиында облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев, онлайн байланыс арқылы қатысқан Қармақшы аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов сөз алып, Конституциялық реформалардың елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтудегі мән-маңызына тоқталды.

Жиын соңында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов аталған реформаларға қолдау білдіру – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін айтып, алдағы кезеңде де қоғаммен ашық диалог жалғаса беретіндігін жеткізді.

Таңбалар: конституцияҚызылордареформа

Ұқсас мақалалар

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді
Әлеумет

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

10.10.2026
Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist