24 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада испаниялық «Roca Group» зауытының іргетасы қаланды

28 Мамыр 2026 14:37
- Дәулет, Жаңалықтар
Қызылордада испаниялық «Roca Group» зауытының іргетасы қаланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 28 мамыр. Бүгін Қызылордада әлемге әйгілі испаниялық «Roca Group» компаниясының санитарлық-техникалық жабдықтар зауытының іргетасы қаланды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «Roca Group» компаниясының бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес, Испания елшілігінің сауда-экономикалық кеңесшісі Хесус Видаль Боррелья, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, құрылыс компанияларының директорлары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.

«Roca Group» – жүз жылдан астам тарихы бар, сантехникалық жабдықтар өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания әлем бойынша 78 өндірістік алаңды басқарады. Онда 20 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өнімдері 170-тен астам елге экспортталады.

 

Рәсімде облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту және заманауи өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмасына тоқталып, өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы «Жаңа инвестициялар ең алдымен еліміздегі заманауи өнеркәсіптің негізін қалыптастыруға бағытталуы керек» деген болатын. Кейінгі жылдары өңіріміздің инвестициялық әлеуеті артып, ірі жобалар табысты жүзеге асуда.Аймақ экономикасына 2,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Алдағы үш жылда 1,9 трлн теңгеге 48 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады», – деді Мұрат Ергешбаев өз сөзінде.

«Бүгін біз еліміз үшін маңызды, жоғары технологиялық өндіріс орнының капсуласын салу рәсімінің куәсі болып отырмыз. Осындай ауқымды жобаны Сыр өңірінде жүзеге асырғаны үшін испандық «Roca Group» компаниясына ризашылығымды білдіремін. Бұл бастама өңір экономикасына жаңа серпін беріп, экспорттық әлеуетті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Біз отандық және шетелдік инвесторлармен әрдайым ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатып, нәтижелі жұмыс істеуге дайынбыз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы бұдан әрі.

Жиында облыс прокуроры Ризабек Ожаров пен «Roca Group» серіктестігінің бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес сөз сөйлеп, ел ағасы Ибрагим Әбибуллаев ақ батасын берді.

Айта кету керек, жоба «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

«Roca Group» компаниясымен ынтымақтастық 2024 жылдың желтоқсан айында сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың Испанияға жұмыс сапары барысында басталды. Былтыр маусым айында Премьер-министр Олжас Бектенов «Roca Group» директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рокамен кездесіп, Қызылорда облысында сантехникалық зауыт салу жобасын жүзеге асыру, инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылаған болатын.

Кездесуде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі және Roca Group инвестициялық жобаны жүзеге асыру қағидаттары туралы негіздемелік келісімге қол қойды. Бұл құжат арқылы тараптар санитарлық-техникалық бұйымдар шығаратын зауыт жобасын бірлесіп жүзеге асыруға ниетті екенін ресми дәлелдеді.

Қазан айындағы Сыр өңіріне жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырылған инвестициялық жобалар қатарында «Roca Group» компаниясының сантехникалық бұйымдар өндірісі де болды.

Бұл – Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын алғашқы өндіріс орны.

Зауытқа 24 гектар жер телімі бөлінді, 44,1 млрд теңге инвестиция салынады. Жылдық өндірістік қуаты 500 мың бұйымға дейін жетеді. Өндірілген өнім Қазақстанның ішкі нарығына жеткізіліп, Орталық Азия елдеріне экспортталады.

Сонымен қатар 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады, жергілікті мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру көзделген. Компания жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыратын өндіріс орнын іске қосуды жоспарлап отыр. Ал компания өнімдері ұсынылатын шоурумдар Астана және Алматы қалаларында маусым айында ашылады.

 

Таңбалар: Roca GroupзауытиспанияҚызылорда

Ұқсас мақалалар

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті
Әлеумет

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті

22.08.2026
Қызылордада үй кезегінде тұрған 90 отбасыға жаңа пәтерлер берілді
Аймақ

Қызылордада үй кезегінде тұрған 90 отбасыға жаңа пәтерлер берілді

22.08.2026
Қызылордада «Creative Battle: Al х Ұлттық өнер» сайысы мәреге жетті
Жаңалықтар

Қызылордада «Creative Battle: Al х Ұлттық өнер» сайысы мәреге жетті

20.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Геннадий Головкин Украина үшін қауіпті кісілер қатарына енгізілді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist