25 Тамыз, 16:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр

28 Қаңтар 2025 22:03
- Жаңалықтар, Қоғам
Қызылордада ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 28 қаңтар. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңірдегі инвестициялық жобалар жайлы баяндама жасады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Отырыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтті. Онда Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақта осы салада өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралап айтып шықты. Оның баяндауынша, 2024 жылы Сыр бойында  экономиканы әртараптандыру бағытында 37 млрд теңгенің 21 инвестициялық жобасы іске қосылған.

«Негізгі капиталға 640 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 21,7 пайызды құрады (республиканың орташа көрсеткішінен 14 пайызға жоғары, ҚР – 107,5%). Оның 70,5 пайызы – жеке инвестиция. Шетел инвесторларымен нәтижелі жұмыстың арқасында 9 ай қорытындысымен 171 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылып, өсім 16,6 пайызға жеткен.

2025-2029 жылдары аймақта құны 1 трлн. 900 млрд. теңге болатын 65 инвестициялық жоба іске асырылып, 8 100 жаңа жұмыс орны ашылады. Ел Президентінің тікелей қолдауының арқасында және Қатар мемлекетіне жасаған іссапары қорытындысымен өңірде 800 млрд. теңгенің, қуаттылығы 1 100 мегаваттық бу-газ қондырғысының жобасы қолға алынады. Қазіргі таңда жер беріліп, техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде», – деді аймақ басшысы өзінің баяндамасында.

Биыл «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішін қайта жаңғырту үшін құны 215 млрд теңге болатын жаңа кен байыту комбинатының, 147 млрд теңгеге жылына 300 мың тонна кальцийленген сода шығаратын зауыттың құрылыстары қолға алынады. Сондай-ақ, 62 млрд теңгеге қуаттылығы 201 мегаваттық 5 күн электр станциясы және 1 жел электр станциясы  пайдалануға беріледі.

Нұрлыбек Нәлібаев бұдан әрі Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан – Германия, Қазақстан – Корея форумдарында қол қойылған меморандумдарға сәйкес, 31 млрд теңгеге «Хорн» неміс технологиясы бойынша жылына 220 млн дана шыны бөтелке шығаратын,  19 млрд теңгеге кореялық «With You E&C Kyzylorda» компаниясының тұрмыстық қатты қалдықтар өңдейтін зауыттарының құрылысы басталғалы тұрғанын әңгімеледі.

Отырыста сондай-ақ Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков те баяндама жасап, есеп берді.

Таңбалар: инвестициякеңейтілген отырысҚызылордаНұрлыьек Нәлібаевүкімет

Ұқсас мақалалар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды
Жаңалықтар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

24.08.2026
Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

23.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist