17 Қазан, 14:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысының әкімі магистратура түлектеріне диплом тапсырды

2 Шілде 2026 23:14
- Жаңалықтар, Қайнар
Қызылорда облысының әкімі магистратура түлектеріне диплом тапсырды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 2 шілде. Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің магистратура бағдарламасын тәмамдаған түлектерге диплом тапсырды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Диплом тапсыру рәсіміне Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы-ректор Наурызбай Байқадамов қатысты.

Жаңа Конституцияның қолданысқа енуі аясында өткен магистранттармен кездесуде Мұрат Ергешбаев білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңызына тоқталды.

Диплом иегерлері білімі мен кәсіби біліктілігін ел игілігіне бағыттап, қоғам дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.

Өңірдегі жоғары білім мен ғылымның қарашаңырағы саналатын оқу орнын биыл 2600-ден астам түлек бітірді.

«Еліміздің ертеңі мен тірегі – Сіздер секілді жалынды жастарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Әділетті Қазақстанды құрудың басты қозғаушы күші де, оның жаңа белестерін бағындыратын жасампаз қуаты да – өздеріңіз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің басты стратегиялық мақсатымыз – жоғары конституциялық қағидаттарды іске асыра алатын білімді, дені сау, зияткер әрі озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу» деген болатын.

Сіздер жастық жігерді Тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі биіктете түсуге жұмсайтындарыңызға сенемін», – деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, бүгінде облысымызда жаңа өндіріс орындары ашылуда, цифрландыру үдерісі жедел енгізіліп, әлеуметтік сала жаңғыртылып жатыр. Жаһандану дәуірінде креативті, жаңашыл әрі тың көзқарасы бар мамандар аса қажет.

«Баласының бағын тілеген ата-ананың қуанышында шек жоқ екенін көріп тұрмын. Сіздерге көп рақмет! Ал шәкіртін шыңға шығарған профессор-оқытушыларға аймақ халқының атынан ерекше алғысымды білдіремін. Сіздер облысымыздың басты байлығы – адами капиталды қалыптастырып келесіздер.Бойларыңыздағы білім мен өнегені Отанымыз – Қазақстанның, туған жеріміз – Сыр өңірінің игілігіне жұмсай беріңіздер», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Тоқсан жылға жуық тарихы бар университет озық идеялардың жаршысы ретінде ғылымға инновациялық жаңашылдықтарды енгізіп, бәсекеге қабілетті маман даярлау бағытындағы жұмысын табысты жалғастырып келеді.«Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары сұранысының тәуелсіз рейтингі – 2026» қорытындысыменеліміздегі көпсалалы жоғары оқу орындары арасында 7-орынға ие болды.Оқу орнының 31 білім беру бағдарламасы республикадағы үздік үштік қатарынан көрінді.

Еске сала кетейік, биыл университеттің бакалавриат бағдарламасын – 630, ал магистратура бағдарламасын 79 түлек бітірді.

Таңбалар: дипломҚорқыт Ата университетімагистранттарМұрат Ергешбаев

Ұқсас мақалалар

Қызылордада Қарттар күніне орай қарияларға тиісті құрмет көрсетілді
Аймақ

Қызылордада Қарттар күніне орай қарияларға тиісті құрмет көрсетілді

01.10.2026
Сыр бойы мұғалімдері дәстүрлі тамыз конференциясында бас қосты
Аймақ

Сыр бойы мұғалімдері дәстүрлі тамыз конференциясында бас қосты

28.08.2026
Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
Аймақ

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

23.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist