17 Қазан, 05:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда жырау Алмасбек Алматовтың 70 жылдық мерейтойын тойлады

10 Наурыз 2026 23:02
- Жаңалықтар, Руханият
Қызылорда жырау Алмасбек Алматовтың 70 жылдық мерейтойын тойлады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 наурыз. Қызылордадағы «Өнер орталығында» Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, жырау Алмасбек Алматовтың 70 жас мерейтойына арналған «Жыр керуен» атты шығармашылық кеш өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бүгін қанат жайған мерекелік кешке облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, жазушы, тарихшы-этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғараұлы, Халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман, ақын, Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, сондай-ақ жыраудың үзеңгілес әріптестері мен елімізге белгілі шәкірттері, жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы мерейтой иесінің төл өнерді өркендетуге қосқан үлеfkbf сін атап өтіп, барша Сыр жұртшылығының атынан сый-құрмет көрсетіп, автокөлік кілтін тарту етті.

Кеште сондай-ақ Жанарбек Әшімжан өнер қайраткеріне Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтауын тапсырды.

«Сыр өңірі – талай марғасқа жыраулар мен тума таланттарды өмірге әкелген, жыраулық өнердің түп қазығы, алтын көмбесі, алып тайқазаны саналатын құтты мекен. Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші қорытынды отырысында «Жалпы, «Сыр елі – жыр елі» деп бекер айтылмайды. Қорқыт ата заманынан жалғасып келе жатқан жыраулық-жыршылық және күйшілік өнер бұл аймақта кең қанат жайған. Жиенбай, Нұртуған, Нартай сынды саңлақтар негізін қалаған жыршылық мектептерді бүкіл еліміз біледі» деп ерекше атап өткен болатын.

Сыр бойындағы жыраулық өнердің көрнекті өкілі, Сыр сүлейлерінің ізін жалғаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, зерттеуші-ғалым, «Парасат», үшінші дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Алмасбек Нұрмаханұлы Алматов мерейлі 70 жасқа толды», – деді Нұрлыбек Машбекұлы өзінің құттықтау сөзінде.

«Алмасбек Алматов – дәуір көшінде дара із қалдырған жыр алыптарының мұрагері, Сыр өңіріне ғана тән жыраулық дәстүрдің сабақтастығына айрықша еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ағамыз жастайынан қолына домбыра алып «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қыз Жібек» сияқты елге кең тараған дастандарды жырлап, «жас жыршы» атанды. «Сыр сұлуы» ансамблі құрамынан басталған шығармашылық жолы белгілі жырау, ұлағатты ұстаз, өнер зерттеушісі, ғалым, қоғам қайраткері ретінде биік белестерге шығарды. Егемендік алған жылдар ішінде ұлттық өнердің бұл түріне ерекше көзқарас қалыптасып, ата-бабаларымыздың асыл қазынасы жарқырай түсті. Алдағы уақытта да ұлттық өнеріміздің шамшырағы болып, келер ұрпаққа рухани мұра сыйлай беріңіз», – деді аймақ басшысы соңында.

Өнер кешінде айтыскер ақын Мұхтар Ниязов мерейтой иесіне арнау айтып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Елмұра Жаңабергенова, Айгүл Елшібаева және басқа да ақын-жыршылар өнер көрсетті. Жыраудың өзі «Жыр бастауын» орындады.

Айта кетейік, Алмасбек Алматов Сыр бойында мақам-саз ерекшеліктеріне қарай жыраулық мектептердің қалыптасуына, атадан балаға мирас болған төл өнерімізді жаңа дәуірге жеткізуге ерен еңбек сіңірді. Жыраулық өнер академиялық білім беру жүйесіне енгізіліп, «Дәстүрлі өнер – жыр» мамандығы ашылды. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы, Қазақ ұлттық өнер университетіндегі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі кафедраларда жыршы-жыраулар кәсіби тұрғыда қалыптасты. Дәстүрлі жыр орындаушыларды маман етіп даярлау арқылы өткеннің өзегін бүгін мен ертеңге жалғап, жүздеген шәкірт тәрбиелеп, өнер аламанына қосты. АҚШ, Франция, Италия, Швейцария, Ұлыбритания, Египет, Моңғолия және басқа да шет мемлекеттерде ұлттық мұрамызды ұлықтап, ел мерейін асқақтатты. Бүгінде мерейтой иесі тәрбиелеген шәкірттер халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанып, еліміздің әр өңірінде жыраулық дәстүрдің алтын арқауын жалғастырып келеді.

Айта кету керек, Алмасбек Алматовтың 70 жас мерейтойы аясында Қорқыт ата атындағы университеттің Студенттер сарайында V томдық таңдамалы шығармаларының тұсаукесер рәсімі болды, Қармақшы ауданында «Асыл жырдың Алмасы» атты республикалық жыршы-жыраулар фестивалі өтуде.

 

Таңбалар: Алмасбек АлматовҚызылордамерейтой

Ұқсас мақалалар

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді
Әлеумет

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

10.10.2026
Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist