25 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қырғызстан әйелдерді зорлап, өлтіргенге өлім жазасын белгілейді

1 Қазан 2025 21:15
- Жаңалықтар, Құқық
Қырғызстан әйелдерді зорлап, өлтіргенге өлім жазасын белгілейді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БІШКЕК. 1 қазан. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров балаларды зорлау, әйелдерді зорлау мен өлтіру бойынша өлім жазасын енгізуді тапсырды. Бұл туралы K-News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қырғызстанда 17 жасар оқушы қыздың өлтірілуі қоғамда зор резонанс туғызды

«Кәмелетке толмаған Айсұлудың айрықша айуандықпен өлтірілуіне қатысты іс президент Садыр Жапаровтың жеке бақылауында», деп баяндады президенттің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов.

Мемлекет басшысы қоғамды дүр сілкіндірген бұл қылмыс туралы хабарды өте өкінішті , ауыр сезіммен қабылдады.

Осыған орай Садыр Жапаров 1 қазан күні Президент әкімшілігі құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Мурат Укушевке балаларға, қыздарға және әйелдерге қарсы қылмыстар үшін ең қатал жазаны қарастыратын заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Атап айтқанда, өзгерістер балаларды зорлау, сондай-ақ әйелдерді зорлау және өлтіру қылмыстарын жасаушылар үшін өлім жазасын енгізуді қарастыруы тиіс. Президент Садыр Жапаров, әсіресе балалар мен әйелдерге қарсы қылмыс жазасыз қалмауы керек деп санайды.

Қырғызстанда өлім жазасына мораторийді алғаш рет 1998 жылы елдің тұңғыш президенті Асқар Ақаев енгізген болатын. Кейінірек ол бірнеше рет ұзартылды, сосын 2007 жылы өлім жазасы түпкілікті алынып тасталды.

Мораторий жарияланғанға дейін Қырғызстанда өлім жазасына кесілгендер атылатын болған.

Қырғызстанда орын алған қылмысты оқиға мен оған байланысты президент Садыр Жапаровтың балаларды зорлаушылар, әйелдерді зорлап, өлтіріп кетушілер үшін өлім жазасын қайта қалпына келтіру жөнінде тығыз тапсырма беруі Қазақстанда да кең талқылауға түсіп жатыр. Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың басым бөлігі қырғыз елі лидерінің бастамасына қолдау білдіріп, мұндай қатаң да қатқыл жаза біздің республикада да жалғасын табуы керектігін алға тартуда.

Таңбалар: Қырғызстанөлім жазасыСадыр Жапаров

Ұқсас мақалалар

Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды
Жаңалықтар

Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды

03.06.2026
Қырғызстан Ресеймен сауда жасайтын ондаған компанияны жапты
Әлеумет

Қырғызстан Ресеймен сауда жасайтын ондаған компанияны жапты

22.05.2026
Ресей қырғыз оқулықтарынан «отар» сөзін алып тастауды бұйырды
Жаңалықтар

Ресей қырғыз оқулықтарынан «отар» сөзін алып тастауды бұйырды

19.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist