26 Тамыз, 01:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қостанайда дәрігерге шабуыл жасаған адам қамауға алынды

19 Шілде 2025 21:21
- Жаңалықтар, Оқиға
Қостанайда дәрігерге шабуыл жасаған адам қамауға алынды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚОСТАНАЙ. 19 шілде. Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі дәрігерге шабуыл жасаған күдіктінің қамауға алынғанын баяндады. Бұл туралы Alau.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Оқыс оқиға 17 шілде, жұма күні орын алған. Хирург Антон Кистанов күрделі ота жасап шыққаннан кейін пациенттерді кезек реттеріне сай қабылдауды жалғастыру үшін төменге, қабылдау бөлмесіне түседі. Сол кезде үшінші болып тұрған адам кезексіз кірмек болып жанжал шығарады. Артынша өзін соншалықты агрессивті ұстаған пациент дәрігерді ұрып тастайды. Соның салдарынан доктор есінен танып құлайды.

Күдікті сол бойда ұсталды. Ал зардап шегушіні үйінде әйелі мен жаңа туған қызы күтіп отыр еді.

«Қостанай облыстық ауруханасында урология бөлімшесінің жас хирургі қатты соққыға жығылды. Дәрігер өзінің кезегін күткісі келмеген пациенттің соққысынан есінен танып қалды. Қазір дәрігер жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы – ауыр. Күн сайын қаншама өмірді сақтап қалып жүрген жанға қол көтеру үшін адам қаншалықты дәрежеде қатыгез және жүгенсіз болуы қажет?», – деп жазды Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова кеше Facebook әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында.

Бүгін Тергеу сотының судьясы Батырбек Құдабаев тергеушіге, прокурорға, күдікті Абылайхан Саренжепов пен оның қорғаушысының сөздерін тыңдап алып, шешім шығарды.

Процесс онлайн сипатында өтті. Қостанай облысының прокуратурасы мен полциция департаментінің баспасөз қызметтері атап өткендей, тәртіп сақгшылары күдіктіні темірп тордың арғы жағында ұстау жөнінде ұсыныс берген.

Тұтқын екі ай мерзімге қамалды. Ол тергеу-тексеру толық аяқталғанша, 17 қыркүйекке дейін құлып астында отырады. Тексеру нәтижелері бойынша заңнама шеңберінде тиісті процессуалды шешім қабылданатын болады. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 106-бабы (««Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша айып тағылды.

Отырыс барысында 34 жастағы күдіктінің Қостанай облысының тумасы екені, ал қазір Ақмола өңірінде тұрып жатқаны анықталды. Ол бұған дейін бірнеше мәрте сотты болған. Сондай-ақ күдіктінің қарауында қазір ауру ата-анасы мен кішкентай балалары бар. «Күдікті соттылықты өтеп шыққан, бірнеше рет қылмыстық, әкімгершілік жауапқа тартылған. Сот оның бой тасалап кетуі мүмкін деп есептейді, сондықтан оған 17 қыркүйекке дейін құлып астында ұстауға байланысты шара қолдану туралы шешім қабылдады», – деп түсіндірді тергеу судьясы.

Бүгін түс ауа Қостанайға Денсаулық сақтау министрлігі  Жедел жәрдем ұлттық үйлестіру орталығының мамандары келді. Олар жарақат алған әріптесі Антон Кистановтың жағдайына жан-жақты баға берді. Ұшудың оның денсаулығына кері әсер бермейтіні белгілі болды. Сондықтан науқас санитарлық авиацияның көмегімен сағат 16:00 шамасында Астанаға аттандырылды. Енді ол сол жерде емделуден өтеді.

Осыған байланысты министр бүгін тағы да әлеуметтік желіде оқиғаның өріс алу барысы жайлы сөз қозғады. «Құрметті достар, кеше Қостанай қаласынан санитариялық авиация күшімен жұмыс орнында болған шабуыл салдарынан ауыр бас-ми жарақатын алған біздің әріптесіміз, жас дәрігер Антон Кистанов жеткізілді. Мен оған тек қолдау білдіру үшін ғана емес, сондай-ақ еліміздің мыңдаған медицина қызметкері мен азаматтарының жылы лебіздерін де жеткізу үшін келдім. Мәскеу университетінде жоғары медициналық білім алған, Отанға адал ниетпен келіп, адамдарды емдеп, өмірін сақтауға талпынған жас дәрігердің рухы сынып, психологиялық тұрғыда күйзеліп қалар ма екен деп іштей уайымдадым…Бірақ, Антон Николаевичтің қайта аяққа тұрып, өз жұмыс орнына оралсам деген табанды ниетін көріп, көңілім орнына түсті. Ол барлығына алғысын білдіріп, өзін үлкен медициналық отбасының бір мүшесі ретінде сезінгенін, әріптестерінің, пациенттердің және бейжай қарамай, қолдау білдірген барлық отандастарының шексіз қамқорлығы мен жанашырлығы жүрегін тебіренткенін жеткізді. Біз бәріміз жас дәрігеріміздің тезірек сауығып кетуіне зор үміт артамыз», – деп жазды Ақмарал Әлназарова онда.

Таңбалар: дәрігерҚостанайшабуыл

Ұқсас мақалалар

Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты
Жаңалықтар

Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты

21.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Украина Wildberries-тің Воронеждегі қоймаларына жойқын соққы берді
Жаңалықтар

Украина Wildberries-тің Воронеждегі қоймаларына жойқын соққы берді

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist