17 Қазан, 13:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақтың 13 боксшысы Азия чемпионаты финалында шайқасады

11 Қараша 2022 17:24
- Жаңалықтар, Сайыс
Қазақтың 13 боксшысы Азия чемпионаты финалында шайқасады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АММАН. 11 қараша. Иорданияның байтағы – Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақтың 13 былғары қолғап шебері финалға шықты. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Чемпионатта 9 қарашада әйелдер арасында, 10 қарашада ерлер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер болып өтті. Оның қорытындысында Қазақстан ерлер құрамасының – 9, әйелдер командасының 4 мүшесі финалға жолдама алды.

Әйелдер арасында 48 кг салмақта өзбек Фарзона Фозилованы тізе бүктірген Алуа Балқыбекова, 54 кг салмақта тайпейлік Хсиао-Вен Хуангды ұтқан Жайна Шекербекова, 57 кг салмақта филиппиндік Нестхи Петесионы жеңген Карина Ибрагимова,81 кг салмақта  вьетнамдық Тхи Хуонг Нгуенді жолдан шығарып тастаған Гүлсая Ержан алтын медаль үшін таласатын болды. Олардың бәрі бәсекелестерінен 5:0 есебімен басым түсті. Ал жеңіліп қалған Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Мәдина Нұршаева (66 кг), Дариға Шәкімова (70 кг) және Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) қола медальға қол жеткізді.

Әйелдер арасындағы бүгінгі финалда Алуа Балқыбекова – жапон Като Хикарумен, Жайна Шекербекова – тай Жуматас Житпонгпен, Карина Ибрагимова – жапон Ирие Сенамен, ал Гүлсая Ержан үнді Сауитимен айқасады.

Ерлер арасында жартылай финалда үнді Говинд Кумар Саханиді 4:0 етіп ұтқан Санжар Тәшкенбай (48 кг), жапон Томойа Цубойды 5:0 есебімен жеңген Сәкен Бибосынов (51 кг), өзбек Шахзод Музафаровтан 5:0 есебімен басым түскен Махмуд Сабырхан (54 кг), өзбек Асадхужа Муйдинхужаевты 3:2 есебімен сүріндірген Дулат Бекбауов (67 кг), моңғол Отгонбаатар Биамба-Ерденені 4:1 етіп саптан шығарған Асланбек Шымбергенов (71 кг), ирандық Сейедшахин Моусавиді 5:0 көрсеткішімен тізе бүктірген Нұрқанат Райыс (75 кг), ирандық Тауфан Шарифиді 5:0 етіп талқандаған Айбек Оралбай, тәжік Мухаммад Аброриновті 5:0 есебімен емін-еркін ұтқан Қамшыбек Қоңқабаев финалда алтын медаль үшіе шайқасатын болды. Олардың қатарына қарсыласы – үнді Хусам Уддин Мохаммед жекпе-жекке шыға алмай қалғандықтан, 57 кг салмақтағы Серік Теміржанов шайқассыз қосылды.

Қалған үш жігітіміздің үшеуі де жергілікті иорданиялық боксшыларға есе беріп қойды. Сөйтіп, Саматәлі Төлтаев (60 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг) және Сағындық Тоғайбай (86 кг) қола медальды қанағат тұтуға мәжбүр болды.

Енді ертең ойналатын ерлер арасындағы финалда Санжар Тәшкенбай – жапон Аратаке Казумамен, Сәкен Бибосынов – өзбек Хасанбой Дусматовпен, Махмуд Сабырхан – филипииндік Карло Пааламмен, Серік Теміржанов – өзбек Абдумалик Халоковпен, Дулат Бекбауов – тай Бунжонг Синсиримен, Асланбек Шымбергенов иорданиялық Сейад Еашхашпен, Нұрқанат Райыс – өзбек Саиджамшид Жафаровпен, Айбек Оралбай – өзбекстандық Мәдияр Сайдрахимовпен, ал Қамшыбек Қоңқабаев өзбек Лазизбек Мулложановпен қолғап түйістіреді.

Айта кету керек, Өзбекстан құрамасы сапындағы сүйегі қазақ екі жігіт те финалға шықты. Олардың бірі – Руслан Абдуллаев болса, екіншісі біздің Айбекпен бақ сынасқалы тұрған Мәдияр болатын.

Финалда Қазақстанның 9 жігіті шайқасса, Өзбекстаннан – 7, Иорданиядан – 4, Таиландтан – 2, ал Жапония, Моңғолия, Үндістан, Филиппин елдерінен бір-бірден боксшы қатысады.

 

Таңбалар: Азия чемпионатыАмманбоксҚазақстан

Ұқсас мақалалар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі
Жаңалықтар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

16.10.2026
Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды
Жаңалықтар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды

15.10.2026
Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды
Дәулет

Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

14.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist