19 Қазан, 01:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстанда «Шәмші Қалдаяқов» атындағы медаль тағайындалды

17 Тамыз 2026 16:01
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қазақстанда «Шәмші Қалдаяқов» атындағы медаль тағайындалды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 17 тамыз. Қазақстанда мемлекеттік наградалар қатарына «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы қосылды. Бұл туралы Ertenmedia.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Мұның жайын Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook әлеуметтік желісінде баян етіп, жалпы халайықтан сүйінші сұрады. Мәдениет пен өнер саласы үшін маңызды жаңалықты бөліскен Аида Ғалымқызы «Президент мемлекеттік наградалар қатарына «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады», деп жазды.

Үкімет басшысының орынбасары аталмыш шешім үшін мәдениет саласы өкілдері атынан Мемлекет басшысына алғыс сезімін білдірді. «Жаңа марапаттар мәдениет пен өнердің қоғамдағы мәртебесін көтеріп, өмірін осы салаға арнаған азаматтардың еңбегін мемлекеттік деңгейде бағалауға мүмкіндік береді», – деп атап көрсетті ол.

Вице-премьердің айтуынша, бүгінде Қазақстанның мәдениет саласында 56 мыңнан астам маман еңбек етеді. Елде 85 театр, 286 музей, 67 концерттік ұйым және 3 054 мәдени-демалыс ұйымы жұмыс істейді.

Аида Балаева осы көрсеткіштердің артында ұлттық мәдениетті дамытуға, тарихи мұраны сақтауға және оны кейінгі ұрпаққа жеткізуге үлес қосып жүрген мыңдаған маманның еңбегі тұрғанын атап өтті. Оның ойынша, мәдениет қызметкерлерінің қажырлы еңбегі мемлекеттік деңгейде лайықты бағалануға тиіс.

Үкімет басшысының орынбасары жаңа мемлекеттік марапаттардың енгізілуіне жаңа Конституцияның қабылдануы да ерекше мән беретінін жеткізді. Оның айтуынша, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен ұлттық мәдениетті қолдау алғаш рет мемлекеттің негізгі қағидаттарының қатарына енгізіліп, конституциялық деңгейде бекітілген.

Аида Балаева Президент мәдениет саласын қолдау енді мемлекеттің конституциялық міндетіне айналғанын атап өткенін еске салды.

Министрдің мәліметінше, кейінгі бес жылда мәдениет қызметкерлерінің жалақысы екі есе өскен. Биылдан бастап өнер қайраткерлеріне берілетін мемлекеттік стипендия көлемі де екі есеге артты. Жыл сайын мұндай стипендияны 75 азамат алып келеді.

Мемлекет басшысының қолдауымен мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне 260 пәтер берілген. Оның 200-і Астанада, 60-ы Алматыда табыс етілген.

Аида Балаева биыл Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай жүзден астам сала маманы мемлекеттік наградамен марапатталғанын алға тартты. Ол мемлекеттік деңгейдегі марапаттау жүйесі де кезең-кезеңімен жаңарып келе жатқанын атап өтті. Бұған дейін «Халық әртісі» құрметті атағы отыз жылдан кейін қайта жаңғыртылса, енді марапаттар қатарына «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы қосылып отыр.

Министрдің айтуынша, Шәмші Қалдаяқов атындағы медаль ұлттық музыканы, композиторлық және орындаушылық өнерді дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға беріледі. Ал «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы ұлттық бейнелеу өнеріне үлес қосқан суретшілердің, графиктердің, мүсіншілердің және осы бағыттағы өзге де өнер өкілдерінің еңбегін бағалауға мүмкіндік сыйлайды.

Аида Балаеваның пікірінше, жаңа марапаттар Президенттің мәдениет саласына айрықша назар аударып отырғанын және өнер адамдарына жүйелі қолдау көрсетіліп келе жатқанын аңғартады. Ол жаңа наградалар көп жылғы шығармашылық еңбектің лайықты бағасына айналып, мәдениет саласына келетін жас буынға да жаңа серпін береді деп есептейді.

Вице-премьер мәдениет пен өнердің адамды рухани байытып, ізгілікке, жақсылыққа және өмірді сүюге жетелейтін ерекше күш екенін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының мәдениетті дамытуға басымдық беруі сала өкілдері үшін үлкен қолдау әрі маңызды оқиға болып табылады.

Таңбалар: Аида Балаевахалық суретшісіШәмші медалі

Ұқсас мақалалар

Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Жаңалықтар

Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

31.08.2026
Аида Балаева: Үй мәселесіне қатысты қияс пікірлер буллингке ұласып барады
Әлеумет

Аида Балаева: Үй мәселесіне қатысты қияс пікірлер буллингке ұласып барады

30.08.2026
Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық
Жаңалықтар

Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

21.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist