19 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстанда 5 нәресте республиканың 20 миллионыншы тұрғыны атанды

16 Қараша 2023 21:02
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қазақстанда 5 нәресте республиканың 20 миллионыншы тұрғыны атанды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 16 қараша. Бұдан екі күн бұрын, 14 қарашада Қазақстан тұрғындарының саны 20 миллион адамға жеткені баяндалды. Бұл туралы Kazinform дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желідегі парақшасында осы жайында жазып, ел халқын айтулы оқиғамен құттықтады.

«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», – деп жазды Президент.

«20 миллионыншы азаматтың туған күні барлық қолда бар демографиялық деректерді ескере отырып айқындалды: Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген және одан шыққан, туғандар мен қайтыс болғандардың саны. Бұрын халық саны туралы мәліметтер қолмен өңделетін және бұл көп уақытты қажет ететін. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің интеграциясы бұл процесті жеделдетуге және 20 миллионыншы азаматтың туған күнін жоғары дәлдікпен және қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік берді», – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды.

Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар.

Ақмола облысында энергетик Айдар мен Динара Исеновтердің отбасында Ясина есімді қыз дүниеге келді. Ол жұбайлардың екінші перзенті болып шықты.

Атырау қаласында тұратын Берік Жұмағалиев пен Айдана Оразымбетованың отбасында туған нәрестеге Мұхаммад деген ат қойылды. Оны шын аты-сойы Мухаммад Қосай болып аталады.

Түркістан облысы, Жетісай ауданын қоныс еткен Ерғали Асқар мен Гүлмира Ізтілеуованың шаңырағындағы төртінші бала болып туған ұл Әлімхан деп аталды. Гүлмира мектепте мұғалім болып қызмет істесе, Ерғали жұмыссыз екен.

Талдықорғандық Мұхтар Әзімбаев пен Диана Әзімбаева да төртінші сәбиге қол жеткізді. Өзбекстанның Бостандық ауданынан көшіп келген олар 10 жылдан бері Жетісу өлкесінде тұрып жатыр. Ерл-айыптылар өз перзенттеріне Айсұлтан деген есім берді.

Ал Ұлытау облысының Ұлытау ауданын мекендейтін Сұңғат Сейітжан мен Әйгерім Молдашева тұңғыштарына Томирис деген ат қойды.

Аталған облыстардағы 20 миллионыншы тұрғын болып өмірге перзент аналарды сол аймақтардың әкімдері арнайы барып құттықтап, оларға ерекше үлгідегі Туу туралы куәліктерді табыс етті.

Айта кететін жайт, «Отбасы» банкі еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған 5 балаға 2 млн теңгеден береді. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

Суретте: Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ана Динара Исенованы құттықтап тұр

Таңбалар: Қазақстанотбасы

Ұқсас мақалалар

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі Қазақстанға не береді?
Жаңалықтар

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі Қазақстанға не береді?

17.10.2026
Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды
Жаңалықтар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды

15.10.2026
Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды
Дәулет

Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

14.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist