25 Тамыз, 10:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан екі халықаралық банктен 470 млрд теңге қарыз алады

17 Маусым 2026 22:58
- Дәулет, Жаңалықтар
Қазақстан екі халықаралық банктен 470 млрд теңге қарыз алады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 17 маусым. Қазақстанның екі халықаралық банктен 470 млрд теңге көлемінде қарыз алғалы жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Zakon.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бүгін Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялады.

Алғашқы келісім 2026 жылғы 20 мамырда Астанада қол қойылған және Қазақстанға 92,3 млрд жапон иенасы көлемінде 11 жыл мерзімге, соның ішінде 5 жыл жеңілдік кезеңімен қарыз беруді көздейді.

Ал Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен жасалған келісім 2026 жылғы 15 маусымда Астанада рәсімделген. Ол Қазақстанға 62,4 млрд жапон иенасы көлемінде, 11 жыл мерзімге (5 жыл жеңілдік кезеңімен) қарыз беруді қарастырады.

Жалпы қарыз көлемі 154,7 млрд иенаны құрайды (470 млрд теңгеден астам).

Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, алынған қарыздар бойынша міндеттемелер республикалық бюджет есебінен, келісімдерде көрсетілген қаржылық шарттарға сәйкес орындалады.

Министр сонымен қатар аталған банктердің Қазақстан экономикасындағы рөліне тоқталды.

«Бұл банктер – біздің стратегиялық серіктестеріміз. Қазақстан 1992 жылы Халықаралық қайта құру және даму банкіне қосылған, онда еліміздің үлесі 0,17% құрайды. Ал Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкіне 2017 жылы қосылып, онда Қазақстанның үлесі 0,754% болды. Осы жылдар ішінде аталған банктермен экономиканың әртүрлі салаларын қамтитын тығыз және конструктивті әріптестік қалыптасты. Олардың қатысуымен бірқатар жобалар сәтті жүзеге асырылып, гранттар мен техникалық көмек көрсетілуде», – деді ол.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік қарыз деңгейі Қаржы министрлігі белгілеген шекті көрсеткіштер аясында сақталып отыр.

«Еліміздің қаржылық тұрақтылығы жетекші рейтингтік агенттіктер тарапынан жоғары кредиттік рейтингтермен расталып отыр. Халықаралық қаржы ұйымдарының сарапшылары мемлекеттік қарыз деңгейін «төмен» деп бағалап, оның басқаруға болатын деңгейде екенін атап өтуде. Жалпы халықаралық қаржы ұйымдарынан жеңілдетілген қарыз тарту – экономикалық өсімді қолдау үшін қалыпты тәжірибе», – деді министр.

Ол бұл қаражат үкіметтің басым бағыттарын қаржыландыруға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар, келісімдерді ратификациялау ел үшін теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкелмейтінін атап өтті.

Айта кетейік, 2026 жылғы 10 маусымда Қаржы министрлігі Қазақстанның 2025 жылғы бюджетінің орындалуына қатысты түсініктеме берген болатын.

Таңбалар: Қазақстанқарызхалықаралық банк

Ұқсас мақалалар

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды
Жаңалықтар

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды

17.08.2026
Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы
Дәулет

Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы

05.08.2026
Ресей авиаотын бермек болып, бензинді Қазақстаннан сатып ала бастады
Дәулет

Ресей авиаотын бермек болып, бензинді Қазақстаннан сатып ала бастады

17.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist