24 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың дамуға серпін беретінін мәлімдеді

23 Тамыз 2026 22:25
- Жаңалықтар, Қоғам
Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың дамуға серпін беретінін мәлімдеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 23 тамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа құрылып жатқан Құрылтайдың еліміз дамуына серпін беретінін баяндады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Президент алғашқы Құрылтай сайлауына дауыс бергеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізді. Ол журналистермен кездесу кезінде елде орын алатын бірқатар өзгерістерге қатысты бірқатар сауалдарға жауап берді.

Брифингте микрофонға бірінші болып келген «Хабар» телеарнасының тілшісі Сағыныш Әбікей Мемлекет басшысына: «Сіз конституциялық реформа тарихи өзгерістердің бастамасы екенін, ал түбегейлі жаңғырту жыл соңына дейін, тіпті, келесі жылы да жалғасатынын айтқан едіңіз. Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі іске кірісіп, Вице-президент лауазымы тағайындалғаннан кейін елде қандай өзгерістер болады?» деген сауал тастады.

«Жұрттың бәрі Вице-президент лауазымы туралы сұрап жатыр. Расында, бұл – айтулы өзгеріс, – деді сонда Қасым-Жомарт Кемелұлы. – Біз Конституциямызға жаңа лауазымды арнайы енгіздік. Себебі қазіргі бұлыңғыр заманда мұндай лауазым елімізге өте қажет».

Президент бұл лауазым иесінің келесі аптада немесе он күн ішінде мәлім болатынын баяндады.

«Мен оны қазір анық айта алмаймын. Ол белгілі, сіздер жақсы білетін адам болады деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айтуынша, елде тағы бірқатар реформалар қолға алынады. Мысалы, Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысын жандандыру қажет. Халық Кеңесі дегеніміз – жаңа орган. Кейбір азаматтар Ассамблея туралы сұрап жатыр екен. Халық Кеңесі Ассамблеяның атқарған қызметін одан әрі күшейтеді деп ойлаймын. Бұл көп функционалды, жаңа саяси тетік деп айтуға болады.

«Сондықтан Кеңестің жұмысы жемісті болатынына кәміл сенемін. Жалпы, жоспарымыз өте ауқымды. Осыған дейін айтқанымдай, Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналуы керек. Әр облыс орталығында немесе аудандар мен қалаларда ірі құрылыстар жүргізіледі. Емханалар, балаларға арналған оңалту орталықтары, басқа да нысандар салынады. Астанада жаңа көпір, Домбыра сарайы, Су ресурстарын зерттеу орталығы секілді маңызды нысандар бой көтереді. Қалаларды абаттандыру керек. «Таза Қазақстан» акциясын ойдағыдай жалғастыру қажет. Сондықтан қол қусырып отыруға болмайды. Бәріміз бір ел болып іске кіріскеніміз жөн. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ, Отан үшін бәріміз күш салуымыз керек. Жалпы, саяси науқан жақсы өтті. Себебі жұрт алдына жаңа тұлғалар шықты, ұтымды идеялар айтылды», – деді Президент бұдан әрі.

«Бұл Құрылтай еліміздің дамуына тың серпін береді деп ойлаймын», – деп осы ойды тиянақтады Мемлекет басшысы.

Таңбалар: вице-президентдамуҚасым-Жомарт Тоқаевқұрылтай

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

23.08.2026
Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауынан кейін брифинг берді
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауынан кейін брифинг берді

23.08.2026
Тоқаев Пашинянды Армения премьері болып қайта сайлануымен құттықтады
Жаңалықтар

Тоқаев Пашинянды Армения премьері болып қайта сайлануымен құттықтады

04.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist