25 Тамыз, 21:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қасым-Жомарт Тоқаев: Дін мәселесі – бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі

15 Наурыз 2024 23:57
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Дін мәселесі – бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АТЫРАУ. 15 наурыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өз атынан берілген ауызашарда дін мәселесінің ұлттық қауіпсіздікке қатысты екенін айтты. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Президент ауызашарда сөйлеген сөзінде иман жолына бет бұрған жастарға дұрыс бағыт сілтеу өте маңызды міндет болып табылатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы алдымен жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Ұлттық құрылтай жұмысына белсенді атсалысқандары үшін алғыс сезімін білдірді. Ол сонымен қатар Оразаға тұспа-тұс келген биылғы жиынның мән-маңызы ерекше екеніне салмақ салды.

«Барша мұсылман қауымы Рамазан айын асыға күтеді, осы қасиетті айда ең асыл тілектерін тілеп, дұғаларын жасайды. Жұртшылық иманын күшейтіп, рухани тазарады. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмектеседі, басқа да игі амалдар жасайды. Мұндай қадамдар, түптеп келгенде, әр адамға, әр шаңыраққа береке әкеледі. Сол арқылы еліміздің ынтымағы арта түседі», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Президент Ислам дінін төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігі екенін алға тартып, ата дініміздің адамзатты мейірімді, адал, білімпаз және еңбекқор болуға үндейтінін жеткізді.

«Осы асыл қасиеттер халқымыздың салт-дәстүрінен де айқын көрінеді. Өздеріңізге мәлім, мен ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру туралы үнемі айтып жүрмін. Құрылтай кезінде де айттым, еліміздің әрбір тұрғыны нағыз «Адал азамат» болуы керек. Біз жас ұрпақтың бойына ұдайы жақсы қасиеттерді сіңіре беруіміз қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, озық ел болу үшін азаматтарымыздың мінез-құлқы, іс-әрекеті, ойы, ниеті – бәрі де соған сай болуы керек. Бұл орайда жастарға адал еңбекпен табысқа жету қажеттігін түсіндіру, ел ағаларының өмірлік тәжірибесін үйрету өте маңызды.

Бұған қоса, Президент бүгінгі Ұлттық құрылтай жиынында дін мен дәстүрдің бірлігіне арнайы тоқталғанын атап өтіп, ұлттық болмысымыздың арқауы саналатын осы екі құндылықты бір-біріне қарсы қойып жүрген теріс ағымдар жөнінде алаңдаушылығын білдірді.

«Ашығын айтсақ, дін мәселесі бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Біз сырттан келген жат ағымдардың ұрпақ санасын улауына жол бермеуіміз керек. Бұған салт-дәстүрімізді сақтау және саналы ұрпақ тәрбиелеу арқылы төтеп бере аламыз. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы айрықша рөл атқаруға тиіс. Иман жолына бет бұрған жастарға дұрыс бағыт сілтеу – өте маңызды міндет. Мүфтият осы іске баса мән беріп, мұқият айналысқаны жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздің жаңашылдық пен жасампаздық жолына түскеніне назар аударды. Бұл – Наурыз мерекесімен және Ислам құндылықтарымен толық үндесетін сара жол.

«Биылдан бастап елімізде әз-Наурыздың онкүндігін жарияладық, яғни әр күнді ерекше атап өтетін болдық. Бүгін 15 наурыз – «Қайырымдылыққа» арналған. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында елімізде көптеген игі істер жасалуда. Халқымыз жанашырлық, тілеулестік, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттерін іс жүзінде көрсетіп жатыр. Бұл, шын мәнінде, озық қоғамға тән сипат деуге болады», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ауызашарда Қазақстанның Еңбек Ері, композитор Илья Жақанұлы, «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ұңғыштары қауымдастығының тең төрағасы Ахмет Мурадов, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов сөз сөйледі.

Таңбалар: ауызашарИслам дініҚасым-Жомарт Тоқаевұлттық құндылықтар

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

23.08.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың дамуға серпін беретінін мәлімдеді
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың дамуға серпін беретінін мәлімдеді

23.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist